Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Отбасылық ойындар

17 января 2020 10:00 • 840 просмотров

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майоры Бекет Аймағамбетовтің бастамасымен полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған жазғы және қысқы спартакиадалар ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Іс-шараны салтанатты түрде Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов ашты. Полиция полковнигі мұндай іс-шаралар, ең алдымен, полицейлердің отбасыларын біріктіруге бағытталғанын, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің физикалық дамуын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

-Бүгін 50-ден астам полицей отбасы қысқы спартакиадаға қатысты. Полиция қызметкерлері мен олардың отбасылары шаңғымен, конькимен сырғанап, қысқы футбол, допты хоккей ойнап, атқа мініп, орманда серуендеді, сондай-ақ, «Анам, әкем, мен – спорттық отбасы» отбасылық конкурсы және т.б. түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды дайындадық, — дейді «ДИНАМО» ФСО төрағасының бірінші орынбасары Виктор Чернявский.