Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мемлекеттік тілді меңгерген мамандар

20 января 2020 10:00 • 581 просмотров

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығыныңда мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курсын толық аяқтағандарға сертификат табысталды.

Өткен жылы мемлекеттік тілді дамыту мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды. Мәселен, осы тілдерді оқыту орталығында жергілікті бюджет есебінен латын әліпбиіне негізделген арнайы кабинет ашылды. Соның арқасында мыңға жуық мемлекеттік және бюджет саласының қызметкерлері қазақ тілі мен ағылшын тілін меңгерді. Сондай-ақ, әртүрлі ұлт өклідерін өздерінің ана тілін үйрену мүмкіндігіне ие болды.

Жыл қорытындысы бойынша үздік оқытушылар мен мекемелерді жаңа белестерімен құттықтау рәсіміне Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинов қатысты.

-Жерлестеріміздің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ниеті қуантады. Мемелкет басшысының саясатын жүзеге асыру үшін тілді білу өте маңызды. Сонымен қатар, заман талабына сай үштілді қатар үйрену керек. Бүгін бізге қолдау көрсеткен барша әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Сіздерді жаңа белестеріңізбен құттықтаймын!-деді Г.Ермашқызы.

Сонымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Үздік сабақ» республикалық байқауында бас жүлдеге Айнұр Нұрбекова ие болды. Ал мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен қолданыс аясын кеңейту және оқып-үйрену бағытындағы жұмысты жетілдіруге қосқан үлесі үшін «Үздік мекеме» номинациясы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті үздік деп танылды.