Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа ережемен жұмыс істемек

23 января 2020 17:00 • 507 просмотров

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Халықты жұмыспен қамту орталықтарына (ХЖҚО) барып, онда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Нариман Мұқышев өңірдегі бағдарламасын Қостанай ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығына барудан бастады, оның қызметкерлері вице-министрді АӘК тағайындауға өтініштерді қабылдау барысымен таныстырды. Мұқышев Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен сөйлесіп, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа қағидаларын сапалы түсіндіру қажеттілігіне назар аударды.

«Сіздер консультация беру кезінде азаматтарға ақпаратты дұрыс жеткізулеріңіз керек. АӘК-ті жалақы ретінде қабылдауға болмайтыны туралы хабарлау қажет. Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға мемлекеттің қолдауы», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Жаңа қағидаларға сәйкес, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған белсенді шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады.

«Бұл негізгі мәселе. Тағайындалған АӘК-ке қарамастан, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істеуі тиіс. Бұл мемлекеттің қолдауымен өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Сіз оларға бос жұмыс орындарын ұсынасыз, ал азаматтар өз кезегінде жұмысқа орналасады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.