Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

24 января 2020 15:00 • 1 036 просмотров

Елімізде өтіп жатқан ұлы Абайдың өлеңдері мен шығармаларын дәріптейтін челленджге Н. Островский атындағы  кітапхана ұжымы   да атсалысып,  іс-шара  ұйымдастырды. Қалалық  кітапхана қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана, ғұлама әдебиетіміздің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Поэзия әлемінің жарық жұлдызы» деп аталатын кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынды.

«Поэзия әлемінің жарық жұлдызы»   көрмесінде  кітапхана қорынан жинақталған әдебиеттер қойылған. Көрменің  тағы  бір  ерекшелігі,   оқырмандар жыл бойына тамашалай алады.

Аталмыш кітапхананың қазақ әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі  Ботагөз Дүйсенбаева: Бұл көрмеге жергілікті тұрғындар көп келеді. Әсіресе, тұрақты оқырмандардың тарапынан қызығушылық жоғары. Мектеп оқушылары мен студенттер де ұлы тұлға Абайдың құнды еңбектерін көп ақтаратын көрінеді. Тіпті кейбір психолог мамандар Абайдың қара сөздерінен көптеген сауалдарға жауап табуға болады  деп -, жұртшылықты осы еңбектерге ерекше ден қоюға шақырады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деп аталатын мақаласының жарық көргені де белгілі.   Ол  өз  мақаласында: Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалып­тастырамыз десек, Абайдың шығар­маларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы.