Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанай облысында 264 адам екпеден бас тартқан

31 января 2020 11:00 • 404 просмотров

Қойтанай  облысында  эпидемиологиялық ахуал тұрақтаған.  Статистикаға  сүйенсек, жыл басынан бері облыста жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау аурулары бойынша 15208 жағдай тіркелген. Сонымен  қатар, 264 адам вакцинациялаудан бас тартқан.

Туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Орал Бекмағамбетов журналистердің  қатысуымен  брифинг өтті. Сала  басшысының  айтуынша, Қостанай облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақтаған.

Өңірде «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын артыру жұмыстары кешенді жүргізілді. — Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Облыста 90-нан астам жұқпалы аурулар бойынша мониторинг жүргізілуде. Инфекциялық аурулар көрсеткіштері өткен жылдар деңгейінде қалды. 20-29 жас аралығындағы адамдарға қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталды, 78 660 адамға вакцинация жасалды. Өткен жылдың 1 сәуірінен бастап 9-11 айлық 7182 бала егу шараларынан өтті. Бұл 97,5%-ды құрайды, — деді  туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы  Орал  Бекмағамбетов.