Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа маусым – жаңа қойылым

3 февраля 2020 14:30 • 917 просмотров

Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында жаңа қойылымның премьерасы өтті

Қостанайдағы қазақ өнерінің қара шаңырағы Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында Мар Байджиевтің «Дуэль» (Судағы із…) драмасының желісімен жаңа қойылым сахналанды. Аталмыш пьесаны сахналаушы – жас режиссер Дос Құбаш.

Драмаға ауыр тағдыр арқалаған үш адамның теңіз жағасында табысуы арқылы өрбитін қайшылыққа толы оқиғалар  арқау болған. Режиссер «Адам өмірінің мәні неде?» – деген мәңгілік сауалға  осы үш кейіпкердің адами болмысы мен олардың арасында туындайтын  қарама-қайшы сезімдер арқылы жауап табуға ұмтылады.  

– Бұл драманы алғаш Алматыда оқып жүргенде Ғабит Мүсірепов атындағы Жасөспірім көрермендерге арналған театрда тамашаладым. Содан бері сахналап көру ойымда жүрген болатын. Түпнұсқаны біраз қысқартып, көрерменді жалықтырып алмауға тырыстым. Бұл туынды өлмейтін, өшпейтін махаббат тықырыбына арналған, – дейді театрдың қоюшы режиссері Дос Құбаш.

Қойылымның бас кейіпкері – Нәзи есімді қыз (Диана Тұрсынова). Нағыз гүлді өмірі шағында сүйген адамының алдауына арбалған бақытсыз бойжеткен күллі еркектен түңілген. Теңіз жағасындағы шағын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін Нәзидің ендігі өмірі есерсоқ Ескендірге (Асылан Кенжетай) байланған. Мейірімнен адыра қалған Ескендір – қатігез қоршаған ортаның құрбаны.

Шипажайға емделуге келген әскери теңізші Әзизбен болған кездейсоқ кездесу күллі жақсылық атаулыдан күдер үзген Нәзидің өміріне сәуле түсіріп, қыздың дүниетанымын аласапыран етеді.

Албырт шағында сүйген адамының алдап-арбауына шырмалған бақытсыз қыз бүкіл еркек кіндіктіден түңілген. Теңіз жағасындағы шағын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін Нәзидің ендігі өмірі  есерсоқ Ескендірге (Асылан Кенжетай) тәуелді. Өзімшіл әрі мейірімсіз  Ескендір —  өзі өскен қатігез орта мен бақытсыз балалық шақтың жемісі.   Таяу маңдағы шипажайға емделуге келген әскери теңізші Әзизбен болған кездейсоқ кездесу  ізгілік атаулыдан біржола күдер үзген Нәзидің сүреңсіз өміріне сәуле түсіріп, қыздың күйрек дүниетанымының астаң-кестеңін шығарады.  Сүйіспеншілік пен қатігездік, ерлік пен қорқаулық, адалдық пен опасыздық, өмір мен өлім тартысқан драмалық шығарма көрерменді бей-жай қалдырмайды. Ойландырады. Күнделікті күйбің тіршіліктің көлеңкесінде қалып қоя беретін адами асыл қасиеттер туралы пәлсапалық ойларға жетелейді.

Премьераны тамашалауға келген Қостанай обылсы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов шығармашылық ұжымды жаңа қойылыммен құттықтады.

– Ілияс Омаров атындағы қара шаңырақ өзінің жиырмасыншы маусымында жаңа спектакльмен репертуарларын толықтыру үстінде. Бүгінгі жұмыс Дос Құбаштың сіздерге ұсынған еңбегі. Бұл қойылымның көрерменге айтары бар, ой салатын жаңаша оқылған шығарма деп білеміз. Театрдың жас толқын әртістері өздеріне жүктелген міндетті жақсы алып шықты. Сахна декарациясы да жоғары деңгейде жасалған. жас суретші Римма Исниязова үлкен міндетті абыроймен атқарып шықты. Көрермен ықыласы ерекше болды! Труппаға зор шығармашылық табыстар тілеймін!, – деді Қостанай обылсы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы.

Суреттер Е.Қалмақовтың әлеуметтік желідегі парақшасынан.