Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

5 жатақхана салынады

20 февраля 2020 11:00 • 480 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде жатақхана мәселесінің толықтай шешілетінін айтты.

Осы уақытқа дейін студенттерді баспанамен қамту — түйіні шешілмей тұрған мәселе санатында болған. Енді бұл олқылықтың орны толмақ.

«Студенттерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті жалпы құны 707,2 миллион теңгеге 336 орынға арналған жатақхана салып жатыр. Бұдан бөлек Қостанай қаласында 4 студент үйін салу жоспарланды. Атап айтқанда, Қостанай медициналық колледжі, жоғары политехникалық колледжі, автомобиль көлігі колледжі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында жатақхана бой көтереді», — деді аймақ басшысы Архимед Бегежанұлы.

Архимед Мұхамбетов сапалы білім беруге қажетті жағдай жасау үшін жыл сайын облыс бюджетінен қомақты қаржы бөлінетінін айтты. Мәселен, былтыр білім саласының шығындарына 80,2 млрд теңге бағытталған.