Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауылға ауыз су тартылмақ

20 февраля 2020 14:00 • 464 просмотров

Қостанай облысындағы 175 ауылға ауыз су тартылады. Бұл туралы облыс әкімінің есеп беру кездесуінде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары барысында айтылды.

2019 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында ауылдарды сумен жабдықтаудың 22 жобасына 8,1 млрд теңге бағытталды. Бейімбет Майлин ауданының Новоильиновка, Жітіқара ауданының Забеловка, Арқалық қаласының Восточное, Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне алғаш рет қосылды.

«Бүгінде 175 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 24 ауылда жұмыстар толығымен аяқталады. Бұл мақсатта 7,2 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 63,4%-ке дейін өседі», — деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов халық алдындағы есеп беру кездесуінде.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында газдандыру жұмыстары жалғасуда. Сандарға шақсақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК арқылы 2016 жылдан бастап 40 мың адам тұратын 8 елді мекен газдандырылған. 2020 жылдың басында облыс тұрғындарын газдандыру деңгейі 56%-ды құрады.