Қостанайда мемлекеттік қызметкерлер арасында қазақ тілінен облыстық байқау өтті. «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Үздік тыңдаушы» интелектуалды жарысы ұйымдастырылды.
Байқауға орталықта мемлекеттік тілде білім алып жатқан тыңдаушылар қатысып, қазақ тілінде сауатты сөйлеп-жазу шеберліктерін көрсетті.
Бұл байқау
мемлекеттік ұйымдарда қазақ тілінің мәртебесін көтеруді және азаматтардың
сауатты сөйлеуін көздейді. Биылғы жарыста 9 мекеменің өкілі бақ сынасты.
Қостанай облысы Полиция депаратментінің атынан Жылдам қимылдау арнайы жасағының
(ЖҚАЖ) 4 инпекторы қатысып, қазақ тілінің білгілері екенін көрсетті.
Жарыс
«Мен өз елімнің патриотымын», «Салт-дәстүр», «Тыңдалым», «Жазылым» атты 4
кезеңнен тұрады. Барлық белестен сүрінбей өткен қатысушы жеңімпаз атанады.
Байқау қорытындысы бойынша, Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Талғат
Нұрахметов пен ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкері
Ұланбек Сәрсенов 3 орынды қанағат тұтты. Қостанай облысы әкімдігінің Экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкері Маржан Сейдахметова 2 орынды
иеленсе, 1 орынды Қостанай облысы бойынша Мамандандырылған күзет қызметі
басқармасының қызметкері Еркебұлан Хамзин жеңіп алды.