Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұлы ақынның ұлағаты

27 февраля 2020 14:00 • 783 просмотров

№24 «а» бастауыш мектеп гимназиясының оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды «Қостанай таңы».

«Болмасаң да ұқсап бақ» атты әдеби-музыкалық шараға 4 «ә» сынып оқушылары қатысты. Мәдени кештің құрметті қонақтары ақын, публицист, ғалым әрі аудармашы, Әлем халықтары жазушылары одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, білім саласының ардагері Жұмабай Байжанов атақты ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты көп мәліметтер келтірді.

-Жақында ғана Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқудан үлкен шара өтті. Солардың арасында мүдіріп, айта алмай қалғандар да кездесті. Сендер кішкентай болсаңдар да, Абай аталарыңның өлеңдерін жатқа мүдірмей оқып бердіңдер, қара сөздерінен, өлеңдерінен өмірлік сабақ алыңдар,- деді ақын Серікбай Оспанов.

Шара барысында Әсия Байжанова «Көзімнің қарасы» өлеңін музыкалық аспаптың сүймелдеуімен орындап берді. Ал Жансая Есова, Бекехан Қасымбек Абайдың Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын сахналап берді. Оқушылардың барлығы Абайдың өмірі туралы деректер келтіріп, қара сөздерін мәнерлеп оқып берді. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Күз», «Қыс», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы», «Жазғытұрым» өлеңдерін жатқа оқыды. Кемеңгердің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға алма-кезек жауап беріп отырды.