Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өнегелі өмір өрнегі

27 февраля 2020 16:00 • 574 просмотров

Қостанайда белгілі тележурналис, тәжірибелі тілші, Қазақстанның құрметті журналисі Гүлжібек Бекмұхамедованың шығармашылық кеші өтті. Биыл 65 жасқа танымал жерлесіміздің кешіне Қостанай обылсының басшылары мен зиялы қауым өкілдері, журналистика және мәдениет саласының қызметкерлері, мерейтой иесінің бұрынғы әріптестері мен достары, туыстары қатысты.

Шығармашылық кешке арнайы әзірленген облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасы шараның шырайын аша түсіп, кеш қонақтарын ән-күй мен би өнерінің саф туындыларымен сусындатты.

Мерейтой иесіне арналған ізгі тілектер мен ыстық лебіздер легін облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев бастап, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың құттықтауын жеткізді.

«Қадірлі Гүлжібек Байекеқызы, бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз Қазақ ұлттық университетін үздік тәмамдап шығып, бойыңызға дарыған талантыңыз бен тынымсыз еңбектің арқасында отандық тележурналистика саласында өзіндік қолтаңбаңызды қалдырдыңыз. Ең бастысы, сөз қадірін түсінетін зиялы қауымның, қарапайым көрерменнің ыстық ықыласына бөлендіңіз. Облыстық телеарнаның негізін қалауға үлес қосып, қаншама талантты жастарға жол аштыңыз. Кейінгі жылдары «Ақ Орда» атты авторлық студия ашып, тәуелсіз журналистиканы дамытуға ат салыстыңыз. Сіз түсірген деректі телефильмдер тарихтың сырын шертіп, өзекті тақырыптарды қозғайды. Сондықтан олар лайықты бағаға ие болып, ұлттық журналистиканың алтын қорына қосылды. Әсіресе, қостанайлық соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдеріне арналған фильмдеріңіздің орны ерекше. Сізге осы еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін!» — делінген құттықтау хатта.