Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Әр үйде бір домбыра!»

27 февраля 2020 11:00 • 3 718 просмотров

Ұлттық құндылықтар мен дәстүр-ғұрыпты сақтау, қайта жаңғырту мақсатында елімізде шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты Амангелді ауданының әкімі Әмірхан Асанов «Әр үйде бір домбыра» акциясының басталғаны туралы әлеуметтік желіде хабарлады.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жарлығымен Ұлттық домбыра күні пайда болды. Бұл мерекені еліміздің барлық өңірі атап өтуде. Былтыр біз 1000 домбырашы шығарып, екі күй орындаған едік. Биыл да осы дәстүрден жаңылмай, 5 күй орындамақпыз. Домбырашылардың 70 пайызы аудан мектебінің оқушылары. Сондықтан домбыраның құндылығын арттыру мақсатында, әр үйде ұлттық аспаптың болуын насихаттап «Әр үйде бір домбыра» акциясының басталғанын жариялаймын. Сондай-ақ 6 сынып оқушысы Тоқтаров Наурызбай Мұратұлына қазақтың қара домбырасын сыйға тартамын, — деді Амангелді ауданының әкімі Әмірхан Асанов әлеуметтік желідегі бейнеүндеуде.

Акция аясында домбырамен фотосуретке түсу, күй тарту, ән айту, үйіңіздегі домбыраның тарихы жөнінде әңгімелеу, жақыныңызға домбыра сыйға тарту көзделеді. Кейін әлеуметтік желіге пост салу қажет. (хэштег #Әрүйдедомбыра және @Sayasat Amangeldi аккаунтын белгілеңіз). Жеңімпаздарға Домбыра күні қарсаңында ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Айта кетейік, Аптаның әр сейсенбісі және бейсенбі күндері сағат 17:30-да аудандық Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде домбырадан дайындық жүргізіліп жатыр. Әмірхан Біркенұлы бұл челленджді белгілі кәсіпкер Нұрлыбек Бөгетбайұлына, аудан прокуроры Тұрар Ахмедиұлына, облыстық мәслихат депутаты Есім Дәулетовке жолдайды. Ендігі кезек акцияны қабылдап алушыларда. Құрметті ағайын! Амангелді ауданы әкімінің игі бастамасын қолдауға шақырамыз! Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы. Игілікті іске қолдау көп!