Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алғыс айту күнін білесіз бе?

Үш жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прездиенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес, 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялағаны бәрімізге белгілі.

–Көптеген жылдар бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуы дара Көшбасшымыздың жетекшілігімен, қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар еңселі ел болуымызға негіз қалады. Бұл — Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерін айқындап, Үшінші жаңғырудың міндеттерін абыроймен орындауға берік іргетас болып отыр. Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер — патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады,-деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақ жері сонау зұлмат аштық жылдарынан бастап, Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлтқа ортақ шаңырақ болды. Осы ретте біз Қостанай қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргіздік.

Александр Иванович, зейнеткер: Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет. Алғыс айту күнінің бекітілгенін қолдаймын. Бұл – патриотизмнің, достық пен бірліктің жарқын дәлелі. Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу қажет. Алғыс айту күнінде бір-бірімізді құттықтап, мейрамның маңыздылығын сезінген дұрыс.

Сауалнаманы жүргізген Маржан АЛПЫС.