Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өткен жыл өзгерістері

13 марта 2020 14:00 • 472 просмотров

Қостанай қаласы мемлекеттік кірістер басқармасында «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары» тақырыбында брифинг өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты  – 2019 жылы қол жеткізілген негізгі қорытынды көрсеткіштерді және 2020 жылға арналған жоспарларды көрсете отырып, мемлекеттік кірістер органдарының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Қалалық МКБ басшысы Біржан Үсембаевтың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 104,8% құрап, 81,9 млрд теңгеге артығымен орындалған.

Тарқатып айтар болсақ,  республикалық бюджет 100,4%-ға, 177,8 млн теңгеге асыра орындалды.  Ал жергілікті бюджет 111,5% — ға яғни  3,6 млрд теңгеге артық орындалған.

Түсімдер динамикасында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджет – 116,2% немесе түсімдердің 4,9 млрд теңгеге өсуі байқалып отыр.

–Қалалық бюджетке түсетін түсімдердің құрылымына келер болсақ,  ірі бизнес – 17%, орта және шағын бизнес – 66%, мемлекеттік мекемелер – 13%,  жеке тұлғалар – 4 %-ға орындалды. Қостанай қаласы бюджетінің кіріс бөлігінің асыра орындалуына байланысты 2019 жыл ішінде 4,2 млрд. теңгеге ұлғайтуға нақтылау жүргізілді, – деді Біржан Жолдасұлы.