Қостанай облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдау арнайы жасағының қызметкерлері кикбоксинг бойынша үздіктер арасындағы республикалық турнирдің жеңімпаздары атанды. Олар өз жеңістерін облыстық Полиция департаментінің әйелдер қауымына арнады.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 2020 жылғы 4-5 наурызда Қостанай облысында Қазақстан жаттықтырушыларын еске алуға арналған кикбоксингтен үздіктер арасында республикалық турнирі өтті.
Екі күн ішінде республика бойынша 100-ден астам қатысушы Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде бақ сынасты. Дегенмен, Жылдам қимылдау арнайы жасағының жігіттері Темірлан Қабиев пен Айбек Мұқашев және Мәди Тоқтаров рингте алғаш рет емес, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары. Сол себепті олар үшін бұл бәсеке аса ауырға тимеді.
Қостанай облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдау арнайы жасағының инспекторы полиция лейтенанты Темірлан Қабиев бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы, кикбоксингтен Әлем кубогының иегері (Анапа қ. 2019ж.), бокстан және кикбоксингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Бала кезінен спортпен шұғылданады, бұл ішкі істер органдарында сенімді қызмет етуге және тағы да бірінші орынға ие болуға көмектеседі.
Полиция аға лейтенанты Айбек Мұқашев кикбоксингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың көптеген турнирлерінің жеңімпазы, спорт шебері. Турнир алдында Айбек салмақ категориясын өзгертті, бұл талпыныс бірден оған жеңіс әкелді. Финалдық кездесуде Айбек бірінші раундтан кейін кездесуді жалғастырудан бас тартты. Жарыс төрешілері ЖҚАЖ қызметкеріне жеңіс берді.