Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа форматтағы жүздесу

16 марта 2020 11:40 • 652 просмотров

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Бұл кездесу бұрыңғы кездесулерден өзгерек. Өйткені, полиция бастығы халықпен әлеуметтік желілер көмегімен тікелей эфир арқылы жүздесті.

Қазіргі кездегі облыстағы қылмыстық ахуал және қалмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Артынша жиналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесуге онлайн қатысқан тұрғындардың да сұрақтарына жауап беру мақсатында бейне селекторлық режимдегі байланыс жүйесі орнатылды.

-Бүгін мен халық алдында жаңа форматтағы полиция жұмысы туралы есеп беремін. Қазіргі таңда әлемді дүрліктірген «Коронавирусқа» қарамастан, біз интернеттің көмегімен осыншама аудиторияны қамтып отырмыз. Мен есептік кездесуді азаматтарды қабылдау, олардың өзекті мәселелерін шешу алаңы ретінде қарастырамын. Екінші жыл қатарынан ІІМ жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда. Полиция халыққа қызмет көрсетудің жаңа үлгісіне көшуде. Басты нәтиже – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапалы қызмет көрсету, -деді Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бекет Иманұлы.

Жыл басынан бері Полиция департаментіне 110-нан астам алғыс хат келіп түскен. Олардың басым бөлігі патрульдік полицейлерге жолданған. Олар жолда қалған жүргізушілерге, өрттен адамдарды құтқаруға қатысқан қызметкерлерге көмек көрсетті. Өңірде қылмыстық ахуал тұрақты. Соңғы үш жылда қылмыстың төмендеуі байқалады болады. Атап айтқанда, биыл өңірдегі қылмыс 33% -ға төмендеген.