Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірдің білім беру саласында 124 жоба жүзеге асырылып, салалық инфрақұрылымды дамытуға, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға, ауылдық елді мекендерге жас маман мұғалімдерді тартуға жалпы құны 289 млн теңге болатын қомақты қаржы құйылған. Облыста былтыр тек демеушілер көмегінің арқасында ғана 65 ІТ сынып, 30 робототехника кабинеті ашылды.
Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың төрағалығымен қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті. –2019 жылы Кеңес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді. Әр отырыста кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдірді. Біздің сарапшылар қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі орыс тілінде сөйлейтін халықтың жазбаларын зерттеуде қиындық туғызады деген пікірмен бөліскен болатын. Осыған байланысты ішкі саясат басқармасы ауқымды жұмыстар атқарды, – деді Марат Қонысбайұлы.
Облыс әкімдігінде өткен жиында бағдарламаның аталмыш салада жүзеге асырылу барысы талқыланды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бізге мектеп музейлерінің көптеп ашылуына мүмкіндік беріп отыр. Соңғы үш жылдың ішінде мектеп жанынан ашылған музейлер саны екі есе көбейді. Мәселен, Қостанай қаласындағы физика-математика лицейінің жанынан былтыр ғана ашылған өлкетану музейі республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Биыл Арқалық қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» орталығында цифрлық музей ашылады, — деді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.
Білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк айтып берді . Оның айтуынша, 2019 жылы бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету 289 млн теңгені құраған. Оның ішінде тартылған қаражат — 233 млн теңге.