Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қоғамдық көліктер талапқай сай емес

2 апреля 2020 16:00 • 535 просмотров

Қостанайда қоғамдық көліктердің санитарлық тазалығы қатаң бақылауда. Облыс орталығында құрылған мониторингтік топ мүшелері қоғамдық көліктердің тазалығын тексеруді жиілетті. Сондықтан әр айналымнан соң автобустың есік, тұтқа, еденін кемі екі қайтара жуып шығып, салонды дезинфекциялап тұру маңызды.

Қоғамдық көліктің ішіндегі көрнекі тұста ескертпе ақпарат ілінуі қажет. Жүргізушілер де жеке басының тазалығын сақтауы шарт. Кеше ұйымдастырылған кезекті рейд нәтижесінде қоғамдық көліктердің санитарлық тазалығына қатысты бірқатар олқылықтар анықталды. Мәселен, «Жарық жол-1» серіктестігіне қарасты №24 бағыттағы автобустың салоны дезинфекцияланбаған. Жүргізуші де медмаска тақпаған, қолғабы жоқ. Қостанайда қоғамдық көлікке мінген жолаушы жолақысын қолма-қол жүргізушіге ұстату арқылы есеп айырысатынын ескерсек, бұл жерде гигиена туралы сөз қозғаудың тіпті қажеті болмай қалатыны түсінікті. 

Сондай-ақ, салонда инфекцияға қарсы ескертпе ақпарат ілінбеген. Көлік орындықтарының тысқаптары арнайы дезинфекция құралдарымен тазартылмаған. Автобуыста санитарлық тазалық сақтауға қажет құралдар мүлде болмай шықты. Мониторингтік комиссия мүшелері жүргізушіге санитарлық-эпидемиялық сараптама жүргізу қажеттігі туралы ескертпе қағаз қалдырды. Талап орындалмаған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, тасымалдаушы кәсіпорынның басшысына айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.