Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

50 отбасыға көмек көрсетілді

6 апреля 2020 11:00 • 539 просмотров

Еліміздегі орын алған төтенше жағдайға байланысты «Nur Otan» партиясы қолға алған «BizBirgemiz» қайырымдылық акциясы халық арасында үлкен қолдауға ие болуда. Аталған акция Аманқарағай ауылында жалғасты. Бұл туралы «Қостанай таңы» газеті хабарлайды.

Аманқарағай ауылындағы Сабыр молда мешітінің бас имамы Серікбай қажы Есболов қазіргідей қиын шақта көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасау әр пенденің азаматтық парызы дейді. Осы орайда, жеке кәсіпкерлер Ғабит Мұқанов пен Абзал Нығметовтердің ұйымдастыруымен көпбалалы және аз қамтылған 50 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туған көрінеді.

-Өткен жексенбіде Сабыр молда мешітінің ауласынан Әулиекөлден — бес, Новоселовкадан – бір және Аманқарағай ауылынан 44 көпбалалы және аз қамтылған отбасыға он келі күріш, он келі макарон, 25 келілік бір қап ұн, бес литрлік сұйық май, жарты келілік шай үлестірілді. Сауабы мол іс-шараның басы-қасында болып, қолдау танытқан жомарт жандарға айтар алғысымыз шексіз, — дейді ауыл имамы Серікбай қажы Шәріпұлы. Сондай-ақ, мешіт имамы астаналық кәсіпкер Гүлнұр Бекмағамбетоваға көпқолданбалы он бес маска тіктіртіп, мешітке келгендерге таратып берді. Соңынан мешітте аруақтарға құран бағышталды.