Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанайда карантин шаралары басталды

17 апреля 2020 14:54 • 572 просмотров

Бүгін полиция Қостанай қаласында таңғы сағат 6-дан бастап барлық бағыттар бойынша мобильді бекеттер қойылды.

Қызметкерлер карантин режиміндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсінік береді. Түске дейін 2 мыңнан астам автокөлік тексерілді.

Бірақ полиция атап өткендей, екі күннен кейін ТЖ бұзушыларға әкімшілік шара қолданылады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады, 10 АЕК айыппұл жазасы, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Қалада жаяу және патрульді полиция тәртіпті қамтамасыз етеді. Полиция карантин режиміндегі шектеу шараларына тағы да назар аударады. Бұл, ең алдымен, рұқсатсыз жеке көлікте жүруге тыйым салу, әсіресе, қарт кісілердің көшеге негізсіз шығуына тыйым салу.