Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Құрылыс қарқыны артты

22 апреля 2020 17:00 • 516 просмотров

Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы жалғасады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды.

Облыс басшысы мердігерлік ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді. Жалпы, 2020-2025 жылдар аралығында мұнда ауданы 2,5 млн шаршы метрден астам көппәтерлі тұрғын үй салынады. «Кездесу барысында облыс орталығындағы шағын аудандар құрылысының жоспары мен барысы талқыланды.

Сондай-ақ, мердігерлерге коронавирус пандемиясы кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитарлық нормаларды сақтауды күшейтуді ұсындым. «Береке» шағын ауданындағы «Жұлдыз» кешенi үйлерінің құрылыс барысын қарап шықтым», — деп жазды аймақ әкімі. Архимед Мұхамбетов мердігер ұйымдардың басшыларына жоспарланған барлық жұмысты сапалы және уақытылы жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, Қостанай ауданының Заречный ауылындағы «Северный» шағын ауданының құрылысы аяқталып келеді. 37 гектар алқапқа бірыңғай сәулеттік стильде 279 жеке тұрғын үй салынды. Былтырғы жылдың басынан бері облыста 658 пәтер берілді, бұл республика бойынша 4-орын. Нәтижесінде халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 21,8%-ға жетті.