Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шалғайдағы шаруаларға көмек

22 апреля 2020 15:00 • 426 просмотров

Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов ҚР Президентінің Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысындағы тапсырмаларына қатысты пікір білдірді.

Сайран Бұқановтың айтуынша, аграрийлердің алдында егіс науқанын кешіктірмеуге күш салу міндеті тұр.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы көптің көкейінде жүрген сөзді айтты. Рас, төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, Үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет. Мұны Президент қадап тұрып тапсырды. Тиісінше біз де егіс науқанын кешіктірмеуге күш салуымыз керек», — дейді Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін. Қазақстан міндетті түрде осы қиындықты еңсеріп, тұрақты және сапалы өркендеу жолына түседі», — деп атап өтті.

Расымен де, мемлекет басшысының бұл айтқаны кәсібі тұралап қалған шаруаларға серпін беріп отыр.

«Пандемия жағдайында халықтың алаңдауын түсінуге болады. Қазір жағдай қиын. Әйтсе де, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Аты жаман індет ауылға келмесін деп тілеп отырмыз. Ол үшін үкімет, облыс басшылығы тиісті шараларды қолданды. Үкімет жанар-жағармайды литрі 165 теңгеден беріп отыр. Бұл – үлкен қолдау. Тұқым қоры жеткілікті. Сондықтан тараптарды әртараптандырып, егістік көлемін азайтпаймыз деп отырмыз. Негізі дағдарыс еліміздің келешегі мен оның алдағы дамуы туралы терең ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, бәріміз бір болып белсенді жұмыс жүргізуіміз керек», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов.