Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Карантиндегі көмек

2 мая 2020 12:29 • 658 просмотров

«Біз біргеміз» акциясы аясында Қостанай облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері көп балалы отбасыға азық-түлік жиынтығын, сондай-ақ дәрі-дәрмек препараттарын сатып алды.

​2020 жылдың 17 сәуірінен бастап Қостанай облысының аумағында карантин режимі енгізілді. Жақында ЖҚАЖ қызметкерлері қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасына барды. Олар өздерімен бірге азық-түлік, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектер ала барды. Облыс орталығының тұрғыны Әлия бір өзі бес баланы тәрбиелеп отыр. Отбасы қарапайым тұрғын үйде тұрады. Ең кіші баласы 5 жаста, үлкені – 12. Тәртіп сақшылары негізгі азық – түлік-ұн, май, картоп, жарма және тәттілер сатып алды. Дәріханада жөтелге қарсы сироптар, аскорбинкалар және балалардың ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер сатып алынды.

​- Біз қазір нақты көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетеміз. Оларға қиын екенін білеміз. Бір әйел бес баланы тәрбиелейтіндігін білгеннен кейін, полиция қызметкерлері көмек көрсетуге қуана үн қосты. Полиция департаменті басшылығының бастамасымен полиция қызметкерлері қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне, жалғыз басты аналарға, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үнемі көмек көрсетіп, қайырымдылық акцияларға қатысады. Бұл игі іс деп ойлаймын, — деп атап өтті ЖҚАЖ  командирі полиция майоры Жәнібек Мұхамеджанов.

​- Полиция қызметкерлеріне рахмет. Біз үшін бұл үлкен қолдау, — дейді Әлия.

​Сондай-ақ, Қостанай қаласының тұрғыны оның бес жасар ұлы Тимур полицей болуды армандайтынын айтты.

​- Көшеде ұлым полицейді көргенд, маған: «анам, мен де өскенде адамдарға көмектесіп, қылмыскерлерді ұстаймын», — дейді Әлия.

​Тәртіп сақшылары мұндай акцияны алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.