Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мақсат – сапалы білім беру

4 мая 2020 12:30 • 746 просмотров

Балабақша балақайлары да қашықтықтан оқуға үйреніп келеді Елімізде ғана емес әлем бойынша белең алған коронавирус дертіне байланысты карантин жарияланғаннан бері оқушылар, студенттер тіпті кейбір жұмыс жасайтындардың үйде отырғаны белгілі.

Сондай-ақ осынау қауіпті дерттің алдын алу мақсатында мемлекетімізде төтенше жағдай жарияланып, халықты осы ауыр кезеңнен аман-есен алып шығудың бірнеше жолдары қаралып жатқаны көңіл қуантады.

Мәселен, оқушылар үшін карантин болғанымен білім алу тоқталып қалған жоқ. Олар арнайы құрылған онлайн сабақтар бойынша өздерінің оқуларын жалғастыруда.

Сәуірдің 6-шы жұлдызынан бері оқушылар еліміздің «Балапан» және «Ел арна» телеканалдарының көмегімен білім алуға кіріскен. Қазақ тілінде оқитын оқушылар күнде таңертең 9:00-ден «Балапан» телеарнасының алдына жайғасып, телеканалда көрсетілген сабақтан өздеріне керектілерін дәптерлеріне түртіп алып отырады.

Телеарнадағы сабақ біткеннен кейін оларға ұстаздары ватсаб желісі бойынша әр пәннен тапсырмалар беруді бастайды. Олар үйден шықпай осы тапсырмаларды орындап, оны фотоға түсіріп, мұғалімдеріне жібереді. Сонымен қатар аудио жазба арқылы берілген тапсырманы ауызша орындауға кіріседі.

Бұл оқыту жүйесі көптеген оқушылардың көңілінен шыққаны да байқалады.

Осы ретте 2 сынып оқушысы Кәусардың әжесін сөзге тартқанымызда, ол былай деді:

— Немерем таңертең теледидар алдына жайғасуды әдетке айналдырды. Одан берілетін сабақты тыңдап өзінің телефонына келген тапсырмаларды орындай бастайды.

Бірінші математика, сосын қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен тапсырмаларды орындайды. Мен қасында отырып оны қадағалаймын. Кейін әдебиет пәнін оқиды. Балама осылай оқыған қатты ұнайды. Бір уақыт сабаққа көңіл бөліп білімін одан әрі жетілдіріп жүргеніне мен де қуаныштымын.

Сондай-ақ үйде отырып ұстазының тапсырмасын орындап отырған Кәусарға да қатты ұнайды екен. Ол үнемі телефонындағы ватсаб желісіне кіріп, мұғалімнен қандай тапсырма келіп түскенін қарап жүреді.

Осылайша, оқушылар өздерінің оқуларын жалғастырып, төртінші тоқсанның бағдарламасын игеріп жатқан жайы бар.

Еліміз қандай қыстау заман болса да одан шығатын жолды тауып келеді. Бұл жолы да қауіпті дерттің алдын алу үшін жан-жақты жоспарлар құрылып, жүзеге асырылып жатқанының куәсі болып отырмыз. Ел болып бұл қауіптен де аман-есен шығатынымызға сеніміміз мол.

Әсел Қозбақова, Ұлжан Әбілтаева, Қостанай қаласы №13 балабақшасының тәрбиешілері.