Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көктемгі жұмыстарға көмек көрсетілді

9 мая 2020 16:33 • 457 просмотров

Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады, 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд. теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95% -ы — шағын және орта бизнес өкілдері, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Егіс маусымына дейін фермерлердің айналым қаражатын толтыру үшін  Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдарға салыстырғанда республикалық бюджеттен 10 млрд.  теңге артық қаражат бөлінді. Сондай-ақ, қаржыландырудың жеңілдетілген ставкасы 5% -ға дейін төмендетілді.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеулерге қарамастан, Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді қаржыландыруды қысқа мерзімде — егіс маусымына дейін аяқтады. Мемлекеттің көмегін 2 405 фермер алды, олардың көпшілігі Түркістан облысындағы шағын шаруалар.

«Кең дала» бағдарламасына қатысуға өтініш берген фермерлердің 126-сы 100 млн. теңгеден астам қаржыға ие болды. 194 фермерге орташа есеппен 574 млн теңге берілді.

Мемлекеттік көмек алғандардың 90%-ы — шағын шаруа қожалықтары. 2085 фермер орташа есеппен 6,1 млн. теңге алды. Бұл ретте ең аз несие 600 мың теңгені құрады. Аграрлық несие корпорациясы шағын фермалардан келіп түскен өтініштердің саны бес жүз артқанын атап өтті.

АШТӨ аймақтар бойынша қаржыландыру:

Облыс  АШТӨ саны Аудан, га Сома, мың тенге  %-дық үлесі
Ақмола 265 840 018 20 915 937 30%
Ақтөбе 13 103 286 818 400 1%
Алматы 77 47 915 1 735 831 2%
Атырау 0 0 0 0%
ШҚО 51 86 634 3 195 734 5%
Жамбыл 40 11 756 288 420 0%
БҚО 38 60 937 932 149 1%
Қарағанды 73 169 090 2 623 196 4%
Қостанай 251 999 621 17 889 463 26%
Қызылорда 24 2 954 376 650 1%
Маңғыстау 0 0 0 0%
Павлодар 55 139 410 2 132 058 3%
СҚО 251 857 813 14 970 681 21%
Түркістан 1 267 55 565 4 121 482 6%
Жалпы 2 405 3 374 990 70 000 000 100%

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында қосымша көмек қарастырылғанын атап өткен жөн. Оған өтініштер қабылдау басталып кетті.

Қосымша 100 миллиард теңге де Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі. Қарыз алушылар үшін пайыздық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, сондай-ақ,  барлық дақылдарды егу үшін қаржыландыру қол жетімді болады.