«Орман шаруашылығы мен көгалдандырудағы инновациялар» тақырыбында онлайн-конференция өткізген «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ сарапшылары Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы және т.б. облыстардан жолданған сұрақтарға жауап берді.
Бүгінде Қазақстанда плантацияларды дамыту, орман дақылдарын өсірудегі Үкіметтің көмегі, орман дақылдарын қолмен өсіру технологиясының ұсынымдары, қайың тұқымдарын жинау және сақтау технологиясының ұсынымдары сияқты өзекті мәселелерге мамандардың жауабы павлонияны күту бойынша вегетация кезеңінде қажетті агротехникалық іс-шаралар, жабайы жануарларды басқа ауданға жерсіндіру, жер пайдаланушының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару, қасқырлардың санын бақылау және қасқырларға қарсы күрес, жерге орналастыру процесін оңтайландыру, Қырым қарағайларын қырқу, қарағай зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары, сәндік өсімдіктер түрлері; минералды тыңайтқыштар енгізу, орман екпелері ауруларына қарсы жаңа препараттар түрлеріне қатысты мәселелермен жалғасын тапты.
Тікелей эфирде көптеген сұрақтар қойылды. Сонымен қатар жақында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Т.И. Есполовтың ауыл кәсіпкерлеріне жолданған бейнеүндеуіне қатысты пікірлер және де ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің университет ғалымдармен бірігіп жұмыс істеуіне байланысты ұсыныстар айтылды.
Сұрақтарға экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Орман ғылыми-инновациялық институтының директоры С.Байзақов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі, Агроинновация және экология ҒЗИ директоры С.Қалдыбаев, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Агротехнологиялық Хаб директоры А.Курдеко, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Абаева, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Б.Мамбетов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор С.Кененбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Е.Кентбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Г.Каирова, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қ.Жоламанов, т.б. жауап берді.