ҚР АШМ баспасөз қызметі аймақтардағы көктемгі егіс жұмыстары жайлы ақпараттарды жариялауды жалғастырады. Бүгін елімізде бидай өсіруден алдыңғы орында тұратын Қостанай аймағындағы жағдайды баяндаймыз.
Ағымдағы жылы Қостанай облысында егіс алқабы 5,2 млн. га алқапты құрайды. Жаздық егіс көлемі 4,7 млн. га, оның ішінде 3 млн. 251 мың гектар жерге бидай егіледі.
Өңірде егіс алқабының құрылымын әртараптандыру бағдарламасына сәйкес майлы дақылдар егістігі 700 мың га дейін ұлғаяды. Жемдік дақылдар 620,8 мың, ауыл шаруашылығы құрылымдары 4,1 мың гектарға — картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр.
Облыста көктемгі-жазғы кезеңде топырақты ылғалмен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 1,4 млн.га алқапта қар тоқтату жұмыстарын жүргізді. Аймақтағы фермерлер 528,1 мың тонна тұқыммен толық қамтамасыз етілді.
Көктемгі егіс жұмыстарына 22 мың 970 трактор, 1032 егіс кешені, 22 мың тұқым сепкіш, 8 мың жүк көлігі жұмылдырылады. Бүгінде өңірдегі барлық ауыл шаруашылығы техникасы көктемгі егіс жұмыстарына толық дайын.
2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге Қостанай облысына 71 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта МӨЗ 42 мың тонна үшін қаржы төленіп, оның 27 мың тоннасы тиеліп,17 мың тоннасы жеткізілді.
Мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде өсімдік шаруашылығы саласындағы АШТӨ шығындарын өтеуге 10,5 млрд. теңге бөлінді. Оның 5,6 млрд. теңгесі – пестицидтердің құнын субсидиялауға, 3 млрд. теңге – минералдық тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға қарастырылған.
Қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 20,9 млрд. теңге сомасына өтінімдер берілді, оның 18,4 млрд. теңгесі мақұлданып, қаржыландырылды.