Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Рейдтік іс-шаралар жалғасады

22 мая 2020 10:00 • 693 просмотров

Қостанай облысының табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен  Амангелді және Жангелдин аудандарының қорықшылары бірлесіп аймақтағы ақбөкен популяциясын қорғау бойынша рейд шараларын жүргізуде.

Қостанай облысы Полиция департаменітің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Талғат Ахметов тәртіп сақшылардың тынымсыз еңбегінің арқасында облыста браконьерлік деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Полиция қызметкерлері аң аулайтын шаруашылықтарда, жануарлардың төлдеуі өтетін киіктер мекендейтін жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл жұмысқа екі «Патриот», үш «Шевроле нива», екі «Хайлюкс» және екі УАЗ көілктері жұмылдырылған.

— Рейд барысында мобильдік топтар Қостанай облысы мен Қарағанды және Ақтөбе облыстары шекарасындағы ақбөкен мекендейтін 4 мың километрден астам аумақты сүзіп шықты. Бұл жерлер негізінен ақбөкеннің Бетпақдала популяциясының тіршілік ету ортасы болып табылады. Киік көбіне Торғай аймағына келіп төлдейді. Карантинге байланысты биыл облыста  көктемгі аң аулау маусымының ашылуы әлі жарияланған жоқ. Сондықтан киелі жануарларды дәл осы кезеңде браконьерлерден қорғауды күшейтіп отырмыз,  — деді Табиғат қорғау полициясы бөлімінің бастығы Талғат Ахметов.

Талғат Ахметовтің айтуынша, полицейлердің тынымсыз еңбегінің арқасында облыста соңғы уақытта табиғатқа қастандық жасау қылмысы біршама бәсеңдеген. Жыл басынан бері табиғат қорғауға қатысты 246 заң бұзушылық тіркеліп,  2 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Қазір полицияда заңсыз ағаш кесу бойынша 1, заңсыз аң аулау бойынша 5 қылмыстық істі тергеліп жатыр.

Тәртіп сақшылары таяуда ғана ақбөкен мүйізін интернет арқылы сатқан қылмыскерлерді құрықтады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, киіктің төлдеуі Торғай аймағының аумағында өтеді. Биыл облыста коронавирустың таралуына байланысты көктемгі аң аулау ашылмады. Маусым айының басында терісі бағалы аңдар мен құстардың кейбір түрлеріне аң аулау басталады. Бұл суырдың, Куликтің, содан кейін интурохот (трофея), одан әрі күзгі аңшылыққа ұласады. Сондай-ақ қыркүйек айынан тұяқты жануарларды аулау басталады.

Қазіргі уақытта полицейлер 6 қылмыстық істі, оның ішінде Алтынсарин ауданында ағаштарды заңсыз кесу бойынша біреуі және заңсыз аң аулау бойынша 5 қылмыстық істі тергеуде. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ақбөкен мүйіздерін интернет арқылы сатқан құқық бұзушыларды құрықтады.

Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 246 құқық бұзушылық тіркеліп, 2 млн.теңгеге жуық айыппұл салынды.