Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Үздік оқытушы» байқауы өтті

22 мая 2020 15:00 • 747 просмотров

Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған ұстаздық шеберлік сайысы онлайн режімде өтті. Әр ауданда тілдерді оқыту орталықтарында сабақ беретін 13 оқытушы байқау талабында көрсетілген 4 кезең бойынша сайысқа түсті.   

«Жарнама (PR) және оқытушы беделін көтеру» деп аталатын бірінші кезеңде қатысушылар қазақ тілінің А1 деңгейіне арналған 15 минуттан аспайтын бейнесабақ түріндегі ашық сабақ  үлгісін көрсетті.  Екінші кезеңде бойынша үміткерлер Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, қызметі мен шығармашылығы, әдістеме мәселелері қамтылған тест тапсырмаларын орындады.

Сондай-ақ қазылар алқасы тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде байқауға қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлының  шығармашылығы, әдістері мен әдістемелік мақалалары, сонымен қатар, оқытудағы түрлі педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға байланысты  видеосұрақтар  қойылды. Ал қорытынды кезеңде  әр оқытушы өздерінің авторлығымен жарық көрген оқу-әдістемелік құралдарын, ғылыми-әдістемелік мақалаларын, байқаудағы жүлделі жетістіктерін көрсетіп, оларға сипаттама беріп шықты.

— Байқау қорытындысы онлайн дауыс жинау арқылы және қазылар алқасының бағалауы арқылы шығарылды. Бір қызығы онлайн түрінде жиналған дауыстар мен қазылардың ойы бір жерден шықты. Нәтижесінде Сарыкөл ауданындағы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, жас ұстаз Болат Нәби  байқау жеңімпазы атанды. 2 орын Арқалықтан келген Балайым Молдабековаға бұйырса, қостанайлық оқытушы Айнұр Міркемелова үшінші орынды қанағат тұтты. Мұның сыртында, оқытушылық шеберлігімен және ерекше әдістемесімен көзге түскен қатысушыларға  3 аталым бойынша арнаулы сыйлықтар берілді. Мәселен, «Жаңашыл педагог» аталымы бойынша Денисов ауданынан келген  Әлия Сәбитова, «Креативті педагог» номинациясы бойынша Қарабалықтан келген  Ерлан Әбішев, «Шығармашыл педагог» аталымы бойынша меңдіқаралық Анар хасенова үздіктер қатарын толықтырды, — деді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Бақытгүл Зарлыққызы.