Қостанай облысының бірнеше елді мекенінде дәрігерлер жаңа көлікке мінді. Соңғы 3-4 жыл ішінде Қостанай облысында 1 млрд теңгеге жуық қаржыға 40-тан астам санитарлық автокөлік және 20-ға жуық реанимобиль сатып алынған.
«Санитарлық автомобильдер осы жылдың қазан айына дейін сатып алынады. Бұл автомобильдер халыққа тез және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық автомобильдер Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес келетін және қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады. Олардың ішінде электрокардиограф, өкпені жасанды желдету аппараты және оттегі баллондары бар», — деп атап өтті облыстық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Ирина Штейгервальд.
Аймақта медициналық мекемелердің техникалық паркін жаңарту әлі де жалғасуда. Мәселен, бүгін ғана Қостанай аудандық ауруханасына 5 бірдей жаңа көлік берілді. «УАЗ» маркалы жаңа автокөлік кілттері Тобыл қаласының жедел жәрдем станциясына және Надеждинка, Озерный ауылдық ауруханасына тапсырылды.
Көлік кілттерін автокөлік жүргізушілеріне аудандық аурухананың бас дәрігері Сырлыбек Мещанов табыс етті.
— Бұл машиналар науқас тасымалдауға арналған. Жолай сырқаттың жағдайына мониторинг жасауға мүмкіндік бар. Автокөліктер GPS-навигаторлармен жабдықталған. Облыста қазір медициналық технологияларды, жедел санитарлық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлінген, — деді бас дәрігер Сырлыбек Мещанов.
Барлық машиналар тасымалдау және пациенттердің жағдайын мониторингілеу үшін дайын. Автомобильдер GPS-новигаторлармен жабдықталған.