Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қыруар қаржы қайда жұмсалмақ?

Қостанай облысын цифрландыру жол картасын орындау үшін биыл 9,3 млрд теңге қарастырылған. Осылайша геоақпарат порталы пайда болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында мәлім болды.

Облыс әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Азамат Қашиев айтқандай, Жол картасы 2020-2021 жылдардың іс-шараларын қамтиды. Барлығы 91 жобаны іске асыру көзделген. Олардың дені «Ақылды қалалар» жобас негізінде әзірленді.

«Жобалардың жалпы сомасы 9,3 млрд теңгені құрайды, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 3,5 млрд теңге, жеке инвестициялардан 5,8 млрд теңге түсіп отыр. Бағдарламаның негізгі бағыты – экономика салаларын цифрландыру. 2017-2019 жылдар аралығында облыстың 6 өнеркәсіп кәсіпорны 6,9 млрд теңгеге өндірісін жаңғыртты. 2020-2025 жылдары мұндай шара 4 кәсіпорында іске асырылады. Бұл мақстатта 66,2 млрд теңге қарастырдық. «Адами капиталды дамыту» тұжырымдамасы шеңберінде 2020 жылы білім беру ұйымдары үшін 1,4 млрд теңге сомасына 5759 дана компьютерлік техника сатып алынды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 31 робототехника кабинеті және 66 IT-сынып жабдықталды», — деді облыс әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Азамат Қашиев.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, облыста 520 ауылдық елді мекеннің 491-і интернет желісіне қосылған. Оның ішінде 115 ауыл талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтылған. Мәселен, таяуда Жангелдин ауданының 7 ауылын жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосу бойынша жұмыстар аяқталады.

«Биыл облыстық геоақпарат порталды құрылады. Мұнда құрылыс және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады. Денсаулық сақтауды цифрландыру аясында облыста 61 медициналық ұйымға ақпараттық жүйе енгізілді. Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жұмыстары да қарқын алды. Қазір электрондық еңбек биржасы табысты жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде жұмысқа орналасу рәсімі ашық өтуде. 2020 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша 5868 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде электрондық биржа арқылы 2356 адам жұмыс тапты», — дейді басқарма басшысы А.Қашиев.