Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Босаңсулар басталды

11 июня 2020 10:00 • 486 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Маңызды мәжілісте карантин режимінің босаңситыны туралы айтылды.

Карантиндік шараларды сақтау мониторингінің нәтижелері бойынша, сондай-ақ соңғы 7 күн ішінде облыс аумағында КВИ аурушаңдығының өсімі 7% -дан аспаған. 6 кезең аясында 8 маусымынан бастап (Жітіқара қаласынан басқа) санитарлық режим күшейтіле отырып, мына нысандар жұмысына рұқсат етілді:

—Демалыс базалары, санаторийлер, профилакторийлер,

-Тату-салондар, бильярд, боулинг-орталықтар, караоке барлар,

-Көрмелер,

-Жергілікті экскурсиялар өткізу,

-Уақыт бойынша шектеусіз қалалық қоғамдық көліктің жұмысы. Эпиджағдай тұрақтанғанға дейін қызметі тоқтатылған күйінде қалатындар:

-Адамдар көп жиналатын ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу,

-Отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және басқа да іс-шаралар, кейтерингтік қызметтер және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету,

-Кинотеатрлар, көрермендерді тамашалауға арналған театрлар, барлық түрдегі ойын алаңдары (аулалардан басқа),

-Түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, кальяндар,

-Букмекерлік кеңселер,

-Аквапарктер, бассейндер,

-Бір мезгілде 20-дан астам келушілер саны бар монша мен сауналар,

-Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан фуд-корттар, кинотеатрлар, ойын-сауық объектілері және оларда мәдени-бұқаралық бағдарламалар өткізу.

Сондай-ақ, Жітіқара ауданында карантиндік шараларды босаңсыту жөнінде шешім қабылданды. Облыстың бас санитарлық дәрігеріне тиісті босаңсуды енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.