Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Серпін берер жобалар жетерлік

18 июня 2020 14:00 • 53 035 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Амангелді ауданында болды. Ол бұл туралы «Инстаграм» желісіндегі парақшасында жазды. Алдымен облыстық маңызы бар «Әулиекөл-Жалдама» автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу барысымен танысты.

Автомобиль жолын жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлінді, жөнделіп жатқан учаске ұзындығы – 100 шақырым. Жұмыстарды осы жылдың күзінде аяқтау жоспарлануда. Аймақ басшысы бұдан кейін жалпы білім беретін Жасбуын орта мектебін аралап көрді. 1972 жылы салынған. Осы мектепте 177 оқушы білім алуда. Аталған мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
Келесі нысан – Әнуар Боранбаев атындағы мектеп интернаты. 2000 жылы ашылған интернат 70 орынға есептелген. Бүгінде «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында 135,8 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Одан әрі халықтың әлеуметтік осал топтарына, апатты үйлерден шыққан тұрғындарға арналған жатақхана ғимаратын қайта жаңарту барысын қарап шықтым. Жобаның жалпы құны – 17 млн теңге. Бүгіннен бастап тұрғындар жаңа пәтерлеріне қоныстанды. Сондай-ақ, Мәншүк Мәметова көшесіндегі № 23 үйге барды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 169,4 млн теңгеге қайта құру жұмыстары жүргізілуде, 30 жұмыс орны құрылды, оның 15-і – жұмыспен қамту орталығынан. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда», — дейді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

9 маусым күні Аманкелді ауданыңда әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға арналған 11 бөлмелі шағын жатақхананың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын.

-Бұл ғимарат бұрынғы Саз мектебінің пайдалануында болған. Ол мектептің орталыққа ауысуына байланысты осы бос тұрған ғимаратты әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға арналған жатақхана етіп салуға шешім қабылдаған болатынбыз. Себебі, баспана мәселесі ауданымызда әрқашанда өзекті мәселенің бірі болып келді. Амангелді ауылдық округ әкімдігі арқылы 15 млн. теңге бюджет қаражаты бөлініп, ғимаратқа есік-терезелерін ауыстыру, ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстары қалыпқа келтірілді. Электр жарығы жүргізіліп, су тартылды, кәріз жүйесі іске қосылды. Ғимараттың сырты қоршалды. Кәзіргі таңда бұл жұмыстар толығымен аяқталып отыр. Жөндеу жұмыстарына арнайы маманданған құрылыс бригадасымен қатар, аудан мекемелері мен мектептерінен құралған еріктілер тобы көмек көрсетті. Бастамаға қолдау білдіріп, қол көмектерін көрсеткен барлық мекеме ұжым басшыларына, қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Сіздердің бұл еңбектеріңізді ауданымызды одан әрі дамытуға қосқан үлкен үлестеріңіз деп білеміз,- деді аудан әкімі Әмірхан Асановқа.