Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жұбайлар жыры — денсаулық

18 июня 2020 16:00 • 789 просмотров

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау – үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, жүйкесі мықты жан болуы керек. Дәрігерлік – жауапты мамандық, осы жауапкершілікті арқалап жүргендердің бірі – жас отбасы Мейрам Жүнісов пен Айжан Бекетова.

Әлемді есеңгіреткен қазіргі жағдай ақ халатты абзал жандардың абыройы артып, құрметі еселене түскені рас. Адамзат баласы дәрігерлердің қадірін түсініп, шексіз алғыстарын жаудырып жатқанын көріп отырмыз. Сол себепті індетпен тынымсыз күресіп жүрген дәрігерледің еңбегі туралы айтпай кету әсте мүмкін емес.

Біздің кейіпкеріміз Айжан Бауыржанқызы Қостанай облысы Торғай селосында дүниеге келген. Ол 2016 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсіп, 2019 жылы акушерия-гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы саласы бойынша аяқтап шыққан. Алғашқы еңбек жолын 2017-2018 жылы Қостанай облысытық ауруханасының босану бөлімшесінде екі жыл бойы рездинтурадан өтіп және кезекші дәрігер ретінде жұмыс атқарады. Ол ауруханада қызмет ете жүріп өзінің жұбын тауып, 2018 жылдың күзінде Мейрам Жүнісовпен шаңырық көтереді.

Ал Мейрам болса Қостанай облысы Науырзым ауданының тумасы. Ол да Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінде хирург дәрігері мамандығын алып, алғашқы еңбек жолын Қостанай  облысы Денисов ауданында Аудандық ауруханада төрт жыл қызмет етіп бастайды. Қазіргі таңда Қостанай облыстық  ауруханасында хирургия бөлімшесінде хирург дәрігері болып жұмыс істеп келеді.

Мейрам Жүнісовтің айтуынша, хирургияда көптеген оталар жасалып, адам өміріне араша түседі.

–Әрине, адам болған соң денсаулыққа байланысты мына тіршілігімізде неше түрлі жайсыз жағдай, оқыс оқиға орын алып қалмауына ешкім де кепілдік бере алмайды. Мұндай кездерде көмекке алдымен біз келеміз. Дүниедегі ең ізгі мамандық делінетін дәрігерлікті өзің жаныңмен қалап алғаныңнан кейін, сырқат жанға жәрдемің тиіп, оның сауығып кетуін алғы кезекке міндет етіп қойғаныңнан кейін, меніңше, бәрін де үлкен жауапкершілікпен, әрі сапалы атқаруың керек. Өйткені, осындай сәттерде саған айрықша сенім, үлкен үміт артылады. Жалпы, бір атап айтарым, отаның оңайы болмайды. Өз басым мұны біле тұра осы қиын салаға мамандандым ғой. Құдайға шүкір, оташылық жұмысымды жаман атқарып жүрмеген сияқтымын.-дейді жас дәрігер.