Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сабантой салтанаты

4 июля 2020 11:00 • 697 просмотров

Қостанайда татар, башқұрт халықтарының ұлттық мейрамы – сабантой аталып өтті. Шектеу шараларының қайта күйшеюіне байланысты биылғы дәстүрлі мерекеге жиылған жұрт жылдағыдай көп бола қойған жоқ. Қостанайдағы «Қоғамдық келісім» үйінің ауласында мерекелік көрме ұйымдастырылып, татар, башқұрт халықтарының ұлттық тағамы мен қолөнер туындылары сөреге қойылды.

Ұйымдастырушылардың ай­туынша, «Сабантой» – сөзі­нің түп мағынасы түркінің «сабан», яғни «соқа» сөзіне ке­ліп тіреледі. Тарихы тым терең­де жатқан ұлт­тық мерекені қазақ­шаласақ, соқа мерекесі болып шығады. Жер емген еңбекшіл жұрт көктемгі егіс науқанын осылай ойын-сауыққа ұластыруды дәстүр еткен. Яғни сабантойды тойлаудың астарында егін бітік шықсын, жиын-терім мол болсын деген халықтың ақ ті­­легі мен арман-мұраты жатыр. Мерекенің төл эмблемасы – қол­­дан тоқылған көгілдір аспан ас­тын­­дағы қызыл өрнекті татар сүл­гі­сі.

– Біздің өңірде сабантой жыл сайын көктемгі алқап жұмыстары аяқталған соң, маусым айының екінші жартысында тойланады. Ал­ғашқы жылдары тек татар-башқұрт этомәдени бірлестігінің өкіл­дері ға­на бас қосатын. Бірте-бірте қанатын кеңге жайған сабантой жалпыхалықтық сипатқа ие болып, облысымызда тұрып жатқан сан алуан ұлттың сағына күтетін думанды мейрамы болып қалыптасты. Бүгінде сабантой аймақты мекендеген түрлі ұлт өкілдерін еңбек пен бір­лікке, достыққа үндейтін, өс­келең ұр­пақты ұлан-байтақ елімізге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін тағы­лымдық мәні бар мерекеге айналды, – дейді «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ринад Бектемиров.

Қостанайлықтар сән-салта­нат­қа толы дәстүрлі мейрамның на­қыш­ты көріністері мен «Ляй­сан» вокалдық ансамблінің кон­цер­­тін жергілікті телеарналар мен әлеу­меттік желілер арқылы тама­шалады.