Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауданда жұмыссыздық азайды

9 июля 2020 11:00 • 1 122 просмотров

Амангелді ауданында 18 пәтерлі үйдің құрлысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды syntas.kz сайты. Ауданыдағы М.Мәметова көшесінде орналасқан  қалған 18 ескі ғимаратты «Жұмыспен қамту жол қартасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1969,4 млн теңге қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Шатыры мен терезелері салынып, көше жақ беті қапталып болған. Екінші жақ бетінде құрылыс қызу жатыр. Құрылыс жұмыстарына аудан тұрғындары тартылған. Жұмыспен қамту бөлімінің көмегімен еңбекке араласқандардың бірі – Азамат Бужаев.

 –  Біз осы құрылысқа аудандық  жұмыспен қамту бөлімі арқылы орналастық. Әрине біз бұрында да ауданның барлық құрылысына ат салысып жүрген тәжірибелі құрылысшылармыз. Терезе орнатамыз, шатыр саламыз, бөлмелерді бөліп қалау сияқты жұмыстармен айналысамыз. Алдыңғы жылдары пайдалануға берілген 16 пәтерлі үй құрылысында да жұмыс істегенбіз. Осындай құрылыстардың арқасында екі қолға бір күрек тауып, жұмыс істеп жүрміз. Бастысы, кәсіп тұрақты,-дейді Азамат.

Құрылысшы жігіттердің айтуынша, жалақы да жаман емес. Қиын-қыстау уақытта тұрақты жалақы да көп мәселені шешіп тұр дейді олар.

 – Біздің әрқайсымызға 80-85 мың теңге айлық төлейді. Бос отырғаннан жақсы, әрине. Көп ақша тапқымыз келеді. Отбасымыз, бала-шаға бар дегендей. Казіргі таңда мына қымбатшылық бүйірден қысып, тапқан ақшаң ештеңеге жетпей қалады ғой.  Тәжірибе бар, бәрі де қолымыздан келеді. Түбі жұмыс тобын құрып,  осы кәсіппен айналыссақ па деген ой да жоқ емес. Қазір осыған ризамыз, ауданымызда құрылыс қарқынды жүріп, жұмыспен қамтып, нәпақамызды тауып жатырмыз. Істеп жатқан жұмысымыз  өзімізге ұнайды, – деді Азамат Бужаев.

Бұл жігіттердің сөзінің жаны бар. Ауданда қарқын алған құрылыстың арқасында тұрғындар жұмыс істеп нәпақасын тауып жүр. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Мұратбек Сейілбекұлының мәліметінше, Амангелді ауданында М.Мәметова көшесіндегі 18 пәтерлі үйдің құрылысына 15 адам, Амантоғай ауылдық округі Жалдама орта мектебінің ағымдағы құрылыс жұмысына 6 адам, ауданымыздағы спорт мектебінің футбол алаңы құрылысына  7 адам, Қарасу ауылдық округіндегі  «Машдвор» бөгетін күрделі жөндеуден өткізуге  6 адам,  аудандық орталық аурухананың ағымдық жөндеу жұмысына 11 адам, Жалдама, Амантоғай  көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 13 адам, Байғабыл ауылдық округінің  аудандық маңызы бар автомобилдер жүретін жолды жөндеуге 15 адам тартылған. Барлығы аудан бойынша 73 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бұл құрылыс жұмыстардың барлығы «Жұмыспен қамту жол қартасы» аясында атқарылуда.