Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жолдар жөнделмек

9 июля 2020 14:00 • 1 064 просмотров

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елді мекендердегі жолдар жөнделе бастады. Ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған жоба бүгінде Аманкелді ауданында және оның ауылдарында жүзеге асырылуда.  

Өңірлерді дамыту бағдарламалары бойынша мемлекеттен  қаржы бөлініп, жол жөндеу мен тротуарлар салу жұмыстары ауданымызда  қарқынды жүріп  жатқанын өткен  аптада жазған болатынбыз. Сонымен қатар,  аудан орталығындағы  бес ірі  көшелердің тас жолы  жөндеуден өтті.

Ауыл халқының жағдайын жақсарту мақсатында  «Ауыл – ел бесігі»  жобасы бойынша бойынша ауданның жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 185 333 699,51 теңге бөлінген. Соның нәтижесінде   М. Дулатов, Д.Божманов, Кейкі батыр, С. Мәуленов, А. Байтұрсынов көшесінің 2-ші бөлігінің жолдары жөндеуден өтсе, ал Абай көшесіне жаңадан тортуар жасалып, көше бойына заманауи үлгіде шамдар ілінбек.

Ал облыстық трансферттер бойынша ауданның жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 24 961743,68 тенге бөлініп, Б.Майлин көшесінің жолы жөнделуде.  Бұл  бөлінген қаржы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Жол қартасы бағдарламасы»  бойынша ауданның жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге  Амантоғай, Байғабыл селолық округінің жолдары, ал облыстық трансферттер бойынша Ақсай  ауылдық округінің жолдары кіретін болады. Жол жөндеу жұмыстарына  «Алюминстрой» ЖШС  ауданымыздың жергілікті құрылысшыларын жұмыспен қамту  бөлімі арқылы жұмысқа қабылдауда.

Сөйтіп, ауданымызда  осындай ауқымды жобалар іске асырылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.