Жерлесіміз Бақытжан Сәлімгерейұлы Жұмабев көптен көкейде жүрген өзінің жобасын мемлекеттік бағдарламаға ұсынып, жеңілдетілген несие қол жеткізді. Соның нәтижесінде Нұр-сұлтан қаласынан дүкен ашып, «Батпаққара» атауымен сүт өнімдерінен жасалған ұлттық тағамдарды сата бастаған.
Енді биылғы жылы «Жастар»р саябағына қазақы дәстүрмен киіз үй тігіп, халықтан, шаруа қожалықтарынан сүт қабылдап , қаймақ, май, құрт, ірмішік, қызмыз сияқты табиғи ұлттық тағамдарымызды қол жетімді бағамен халыққа ұсынып отыр. Өнімнің сапасы жақсы, бағасы қолайлы. Заманауи технология негізінде дайындалған «Батпаққара » цехының өнімдеріне деген сұраныс өте зор, тапсырыс арқылы алатындар саны артып келеді.
Осындай халықтың қалтасына тиімді, әрі пайдалы кәсіп ашқан Бақытжанға халықтың алғысы шексіз. Бақытжан алдағы уақытта осы «Батпаққара» сүт өнімдерінің цехының ауқымын кеңейтуді ұйғарып отыр.
Қарап тұрсаңыз бағасы өте қолжетімді. 1 литр сүтті 70 теңгеден қабылдайды. Ал, осы сүттен өндірген сарымайдың 1 келісі – 2500 теңге, қаймақтың 1 литрі – 1500 теңге, құрттың 1 келісі- 1000 теңге, қымыз -700 теңгеден сатылуда. Бұл біздің аудан тарихында екінші рет ашылып отырған цех. Ертеректе Жаңабатыр ағамыз маслозавод ашып, құрт ірмішік, май қаймақ өндіргені естеріңізде болар. Бұл сол бастаманың жалғасы болып отыр.
Дәруменге өте бай, сүт өнімдерінен дайындалатын ұлттық тағам өндіруде іргелі істі қолға алған Бақытжан Сәлімгерейұлын алда кәсібін ұлғайтуды көздейді.