Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өндірісте өсім бар

30 июля 2020 17:00 • 841 просмотров

Отандық автобизнес қауымдастығының мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында қазақстандық тракторлар, комбайндар және өзге де ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер 33,7 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125% — ке артық. Әсіресе, еліміздегі ауыл шаруашылығы техникаларының ассортиментін ұлғайту және оның қосымша бөлшектерін шығару оң көрсеткішке ие. Жыл соңына дейін 77,4 млрд теңгенің техникасы шығарылады.

Сандарға шақсақ, ең үлкен өсім комбайндар өндірісінде тіркелген. Мәселен, «АгромашХолдинг KZ» АҚ (Essil), «КАИК» ЖШС (Acros) және KazRostEngineeringLtd (Vector,Acros) машина құрастырушылары астық жинау техникасын шығаруды екі есеге арттырды. Бір жыл бұрын жалпы құны 17,5 млрд теңге тұратын 150 комбаин құрастырылса, биыл 14,31 млрд теңгеге бағаланған 310 комбайн сатуға шығарылды.

«Агромашхолдинг KZ» АҚ, «Қостанай трактор зауыты» АҚ, Семейдегі «СемАЗ» және «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» шығарған Lovol, «Кировец», «Беларус» тракторлары ауылшаруашыығы тауар өндірушілерінің үлкен сұранысына ие. Мәселен, «Беларус» тракторларының сатылымдағы үлесі 80% — ке жеткен, ал «Кировец» тракторлары елдегі энергияға қаныққан тракторлардың 60%-не тең.

Жарты жыл ішінде отандық өндіріс ошақтары ауылшаруашылығы, коммуналдық және орман шаруашылығыне арналған 788 трактор құрастырған. Оның жалпы құны 16,47 млрд теңге шамасында. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл да 86%-ке артық.

Сонымен қатар, «KazRostEngineeringLtd», «КАИК» ЖШС және «АгромашХолдинг KZ» АҚ тәрізді ауыл шаруашылығы техникаларын шығарушылар жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеден асатын тіркемелер мен өзге де аспалы жабдықтар өндірген.

Саланың инвестициялық тартымдылығы өсуді көрсетіп отыр. Соңғы екі жылда қазақстандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнім желісін айтарлықтай кеңейтті. ҚР-да жаңа өндірістер пайда болды, «Кировец», «Lovol» және «Bühler» тракторларын шығару басталды. Өндіріс ашу туралы Меморандумға қол қойылған Солтүстік Қазақстан облысында «Claas» комбайндарын шығару жоспарланған. «Essil» (Essil-790 барабанды-роторлы комбайны) комбайндарының модельдік жиыны кеңейтілді, «КАИК» ЖШС «Torum» комбайндарын құрастыруға кірісті.

Жергілікті жерде бөлшектер шығару деңгейі өскен. Технологиялық операциялар кеңейіп, меншікті құрамдас база дами түсті. Жуырда Қостанай облысында өнім берушілердің ірі әлемдік компанияларын, сондай-ақ жергілікті ШОБ кәсіпорындарын тарта отырып, бөлшектерді шығарудың өнеркәсіптік кластерін құру бойынша «бизнес-инкубатор» жобасын іске асыру басталды. Әзірге, жалпы ауданы 27 000 шаршы метрден асатын өндірістік нысан салынып жатыр.

Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған дағдарысқа қарсы саясат шеңберінде отандық «ҚДБ-Лизинг» өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын 6% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша және бастапқы жарнасыз сатып алу бойынша дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске қосты. 2018-2020 жылдар аралығында «револьверлік» қағидатты ескере отырып, жалпы сомасы 11,3 млрд теңге болатын 175 жоба қаржыландырылып, 456 техника сатып алынған.

Мәселен, биыл қостанайлық шаруалар індетке қарамастан кәсіптерін тоқтатқан жоқ. Жыл басынан бері облыс орталығында өнеркәсіп саласына 23 миллиард 300 миллион теңге қаржы тартылған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға арналған кешенді бағдарламалар жүзеге асуда. Шаруалар қаржылай қолдауға ие болып, індет тарап жатқан кезде де кәсібін тоқтатқан жоқ. Қостанай облысы, Амангелді ауданының тұрғыны Боранбай Әбеуов «Сыбаға» бағдарламасымен ірі-қара мал сатып алған. Оның айтуынша, карантин уақытында мемлекет көмегі айтарлықтай демеу болды.

«Қажет кезде 42500 теңге көмек алдық. Бұл аз қаражат болып көрінгенімен, біраз адамға едәуір жәрдем болды. Жанар-жағармайымызды, техникаға қажетті бөлшектер сатып алсақ та, кәдеге жараттық. Негізі мемлекеттен төленетін қаржылай көмек жыл бойына берілсе жақсы болар еді. Бұл – көптің сұрауы. Қазір шөп науқаны қызған шақ. Екіншіден, ауыл шаруашылығына қажетті тракторларды аз пайызбен берсе, жұмыс біраз жеңілдейді», — дейді кәсіпкер Боранбай Әбеуов.