Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қомақты қаржы игерілді

13 августа 2020 15:00 • 545 просмотров

Биыл облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 39,3 млрд теңге субсидия мен бюджеттік кредиттер бөлінді. Ал 2019 жылы 33,3 млрд теңге игерілген болатын.

Облыс әкімдігінде өткен жиында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы Жансұлтан Тәукенов жиын-терім науқаны жөнінде мәлімет берді. Оның айтуынша, биылғы егін жинау жұмыстары әдеттегіден ерте басталып отыр. Жаз бойы күннің ысып тұруынан егін тез пісті.

– Нақты жұмыс жоспарын әзірлеу керек, – деді Жансұлтан Тәукенов. – Қажет болған жағдайда ауысыммен жұмыс істеуді ұйымдастырып, жұмысшыларға қосымша ақы төлеуді қарастырған жөн. Жиын-терім технологиясы бәріне таныс, тәжірибе бар. Ғылыми мекемелердің ұсыныстары аудан әкімдіктеріне жіберілді. Осы жылғы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, алқаптардағы аса қауіпті аурулар мен зиянкестерге қарсы өңдеуді толығымен тауар өндірушілердің өздері жүргізді. Инсектицид сатып алуды субсидиялауға республикалық бюджеттен 469 млн теңге бөлінген.

Пандемия кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігіне де баса мән берілу қажет. Басқарма басшысы шаруа қожалықтары мен кәсіпорын басшыларына осы жөнінде де ескертіп өтті.

– Ұжымдарда дәрігерлердің талаптары мен ұсынымдарына сай шаралар қабылдап, қызметкерлерді тиісті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету маңызды, — деді Ж.Тәукенов.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудандар мен Арқалық қаласы әкімдеріне егін жинау жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды.