Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ғұламаның суреті бейнеленді

14 августа 2020 14:00 • 967 просмотров

Абай күні қарсаңында Қостанайдағы бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасында ұлы ақынның бейнесі бедерленген паннолар пайда болды. Ұлы ақынның портретін салу үшін Tigrohaud Crew шығармашылық бірлестігі Алматыдан жергілікті әкімдіктің шақыруымен келді.

Портреттің жан-жағына жарықдиодты шамдар орнатылған. Қазіргі уақытта Абай көшесіндегі 16-үйдің қабырғасындағы кескіндеме дайын. Жалпы, танымал стрит-артерлердің облыс орталығындағы жоспары көп.

«Суретшілердің Қостанайға алғаш келуі емес. Бұған дейін КЖБИ ауданындағы қазақтың ұлттық жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаушы Абайдың бейнесі салынған муралды бекіткен еді. Бұл жолы монументалды кескіндеменің үш туындысы жасалады. Әуелі, атақты ғалым, орта ғасыр философы Әл-Фарабидің бейнесі. Ол Абай даңғылы мен Әл-Фрабаи көшесінің қиылысында орналасады. Ұлы педагог-ағартушы, жазушы, фольклоршы және этнограф Ыбырай Алтынсариннің муралы Тәуелсіздік көшесінде, Совет Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов бейнеленген портрет Гоголь-Баймағамбетов көшелерінің қиылысында болады. Таңдау кездейсоқ болған жоқ, осы көрнекті тұлғалардың барлығы Қазақстан тарихында маңызды із қалдырды. Жаңа көрікті жерлер келесі аптаның соңына дейін дайын болады деп жоспарлануда», делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Зәулім үйдің бүкіл бір қа­быр­ғасын жауып тұрған алып кенепте Абай, Шың­ғыс­тау, көк майса шөпті көзге елестетін ұлт­тық өрнекке шомылған қазақ ауылы, оның ар жағында көкке ұмтылған жасыл-жалқын нұрға малын­ған құс бейнесіндегі Абай музасы бейнеленген. Өнер туындысы Ресейдегі жалғыз зауытта ғана шығарылатын арнайы ком­позитті материалдан жасалыпты. Жергілікті дизайнерлер заманауи көр­кем туындының жасалу әдісі мен идеясын еуропалық әріп­тестерінен алған сыңайлы. Ба­тыс­та мұндай композициялар өте көп кездеседі.

Біз үнемі көрген адамның көңіліне ерекше бір тосын сезім ұялататын мей­лінше жаңа дү­ниелерді жасағымыз келеді. Бұл жолы Қостанайдағы алыс­тан көз тартатын зәулім үй­лердің қабыр­ғаларын пайдаланып, Абай Құнан­байұлының 175 жылдығына орай, біртуар ақынның бейнесін заманауи өнер тілімен суреттеуді жөн деп таптық. Мұны Абай кү­ні мерекесі қарсаңында қала тұр­ғындарына жасаған тамаша тар­туымыз деп біліңіздер. Туын­ды көп­шілік көңілінен шығып жатыр. Там­санып-таң­ғалып жатқан жандар көп, дейді жергілікті жарнамалық-өндірістік бірлестік басшысы Наталья Булатова.

Композициялық туындының бі­раз бөлігі алюминийден жа­салған. Қабыр­ғадағы Абай бей­несінің ыстық-суықта, жауын-шашын мен қарлы боранда бояуын жоғалтпауы үшін дизайнерлер осындай шешімге келген. Кенептегі құс­тардың кем­пірқосаққа малын­ған қанат­татры түнде бірнеше түске боя­лып құбылып жанып тұрады. Дизайнерлердің ай­туын­ша, ұлы ақын­ның музасы іспеттес ұшып бара жат­қан құстар Абайдың болашаққа деген үміті мен сенімін ха­лыққа деген сүйіспеншілігін бейнелейді. Аса шебер­лікпен орындалған қабырғадағы өнер туындысы әсіресе түн уақы­тын­да алуан бояуға малынып ерекше құбылып, құлпыра түседі.

Қаланың ажарын аша түскен тағы бір көрнекі дүние – «Абай жұлдыздары» деп аталатын жа­рықдиодты инсталляция.

– Бұл инсталляцияны Абай даң­­ғылының бойындағы №16-шы үйдің қабырғасына орна­ластырдық. Көктен тамып кете жаздап тұрған үл­кен жа­рық жұлдыздар Абай шы­ғар­ма­шы­лығының бізге тү­сіп тұрған сәулесі сияқты. Ұлы ақынның ғажайып поэзиясы мен дана ойлары ғасырдан-ғасырға ұла­сып, әр заманның керегіне жарап, осылайша сәуле түсіріп тұрады, – дейді жергілікті жарнамалық-өндірістік бірлестік басшысы Наталья Булатова.

Мұның сыртында, таяу күн­дері Қос­танайдағы Ілияс Омаров атындағы облыс­тық қазақ драма театрының алдына алып кітап түріндегі арт-нысан қойыл­мақ. Әсем тұғырға орнатылған ашық кітаптардан Абайдың халықтың рухани қазынасына айналып кеткен өлеңдері мен қара сөздерін оқуға болады. Ашық кітаптың ені – екі метр. Ал биіктігі, астындағы тұғырын қоса есептегенде, 3 метрге дейін жетеді. Қазір арт-нысанның бөлшектері жасалып жатыр. Тамыз айының соңына таман театрдың алдына қойылады.