Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кәсіпкерден көмек

15 августа 2020 10:00 • 599 просмотров

Қостанай облысында «Біз біргеміз» акциясы жалғасуда.  Ұзынкөл ауданында жергілікті кәсіпкер Ахмет Садықов аудандық аурухананың провизорлық бөлімшесіне құны 15 млн теңге тұратын тыныс алу құрылғысын сыйлады.

Медициналық құрылғыны емдеу мекемесіне тапсыру рәсіміне аудан әкімі Т.Дайыров та қатысты. Әкім аудан халқы атынан меценантқа алғыс білдіріп, короновирус пен пневмонияға қарсы күреске үлес қосып жүрген  жергілікті кәсіпкерлердің еңбегін жоғары бағалады.  

— Бұл құрылғының қуаттандырғыш батареясы бар, сондықтан жедел жәрдем көлігінде де пайдалануға болады. Әрі өкпеге ауа жіберудің түрлі режімінде жұмыс істей береді. Аппараттың басқару тетігі орыс тілінде, заманауи талапқа сай, — деп сипаттама берді құны қомақты құрылғыға аудандық дәріхананың бас дәрігері Әміржан Бақытжанов.

Сондай-ақ, Ахмет Садықовтың игі бастамасын іліп әкеткен екі шаруа қожалығының басшысы бірігіп, аудандық ауруханаға жалпы құны 3 млн теңге тұратын гематологиялық талдау құрылғысын алып берген.

Сондай-ақ, Короновирус індеті мен пневмония жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты Қостанайда 2 провизорлық орталық жұмысын тоқтатқанын айта кету керек.

Денсаулық сақтау басқармасының инстаграмм желісіндегі ресми парақшасында жария етілген мәлімет бойынша, облыс орталығындағы «Достық» санаториі мен тері аурулары диспансері жанынан ашылған провизорлық орталықтар жұмысын тоқтатқан. 

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов бұған дейін облыстың эпидемиялық жағдайы тұрақтанып келе жатқанын айтқан болатын.