Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мәжіліс депутаты мұғалімдермен кездесті

21 августа 2020 10:00 • 594 просмотров

Мәжіліс депутаты Ирина Аронова Қостанай облысы бойынша жаңа оқу жылына дайындық жағдайымен танысты. Халық қалаулысы, сондай-ақ, биылғы оқу жылы қарсаңында мектептердің жағдайын тексерді.

Жазғы демалыс кезінде аталған өңір бойынша барлық мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық база нығайтылды. Жергілікті білім саласы мамандарының айтуынша осы жылы 9,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 130 нысанға күрделі жөндеу жүргізілген.

Ирина Аронова облыстық ұстаздар қауымымен онлайн конференцияда қазіргі карантин жағдайында білім беру жұмысын ұйымдастыру тақырыбын талқылады. Мәлім болғандай, барлық мектептерде сабақ қашықтықтан оқытудан басталады. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

Алайда, депутат қашықтықтан оқытуда білім беру сапасына нұқсан келтірмеуге баса назар аударды. Онлайн кездесу барысында ұстаздар мен олардың отбасын әлеуметтік қолдау жайы да назардан тыс қалмады. Нақты айтқанда, короновирус індетін жұқтырған мұғалімдерді сауықтыру мәселесі әңгіме өзегіне айналды.

Ұстаздар қауымы биыл тұңғыш рет бастауыш сыныптар үшін ұйымдастырлатын «кезекші сыныптар» мәселесіне депутат назарын аударды. Айтуларынша, жүктеменің артуына байланысты еңбекақы төлеміне қатысты нормативтік-құқықтық база жоқ.

Осы деңгейде басқа да өзекті сұрақтарды өз кезегінде депутат құзырлы органдармен бірлесіп шешуге уәде етті.