Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Ән жұлдызы — Шәмші аға»

23 августа 2020 16:27 • 1 270 просмотров

Биыл халқымыздың дарынды композиторы, көптеген лирикалық әндердің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.

Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, әнсүйер қауым арасында кең тараған. Халық арасында әсіресе, «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша танымал.

Сазгер 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуық музыкалық туынды .  Күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналып, сыршыл да сырбаз композитор атанған Шәмші Қалдаяқовтың қайталанбас әндері қаншама жылдар, ғасырлар өтсе де әрбір тыңдаушы жүрегіне жол табатыны даусыз. Шарықтап шырқала береді.

Айтулы тақырыпқа орай Мереке ауылдық кітапхана «Ән жұлдызы — Шәмші аға» кітап көрмесін жасактап, ауыл оқырмандарына шолу жасалды. Сазгердің өмірі мен шығармашылығын таныстырып, оның өнегелі шығармалары арқылы адамгершілік, адалдық, махаббат сияқты құндылықтарды жастардың бойына сіңіре отырып тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткердің «Ақ сұңқарым»,«Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Өмір өзен» сияқты тағы да басқа әндері ғажайып саздылығымен ерекшеленеді.

Композитордың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып ресми түрде бекітілгені белгілі. Шәмші Қалдаяқовқа 1991 жылы Қазақстанның Халық артисі атағы берілді. Осындай мағлұматтарды әсерлі етіп жеткізген кітапханашы Ақнұр Мұсабаеваның баяндамасын оқырмандар үлкен қызығушылықпен тыңдады. Өзінің қарапайымдылығы мен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен орын алған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы кейінгі жастарға үлгі болады деп сенеміз.

Сондықтан шара барысында атақты сазгер туралы қызықты хикаяттардан үзінді келтіріліп, «Қазақта Шәмші еді ән бұлағы» атты слайд топтамасы көрсетілді. Шәмші әндері халқымен бірге жасайтыны сөзсіз. Әдеби сағат барысында сазгердің «Менің Қазақстаным» әнін оқырмандар бірге шырқады.