Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, арнайы «Жақыныңды қорға – бептперде тағып жүр» атты акциясын өткізді.
Шара барысында мамандар тұрғындарға санитарлық нормаларды сақтау, бетперде тағып жүру, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, қашықтықты сақтау туралы түсіндіріп, қоғамдық гигиенаны сақтау туралы жадынамалар таратты.
-Шараның басты мақсаты — әр адамның өз өміріне ғана емес, өзгенің де өміріне жауапты екендігін түсіндіріп, тұрғындарды бетперде киіп жүруге және денсаулықты сақтауға шақыру. Себебі, әлі де ескертулерді ескермей, санитарлық талаптарды сақтамай жүргендер де бар. Олардың дені жастар, сондықтан шараны орталық саябақта өткізуді жөн көрдік, — дейді орталық директоры А.Садуақасова.
Сондай-ақ,«Ауыл» партиясы қостанайлық дәрігерлердің балаларын оқуға дайындауға көмектесті.
«Тамыз айында «Ауыл» Халықтық — демократиялық патриотттық партиясының Костанай филиалының жастар канаты және жергілікті белсенділер «Мектепке жол» акциясына орай Тобыл ауданының ауруханасында іс шара өткізді. Бұл шараның негізгі максаты – COVID 19 жаһандық ауруына төтеп беру жолында аянбай тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жандардың отбасына, яғни балаларына, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына дайындығына көмектесу. Осыған орай дәрігерлердің оқушы балаларына мектепке қажетті кеңселік бүйымдар мен керек-жарақтар жиынтығы табысталды», делінген партияның Қостанай облыстық филиалының Facebook-тегі парақшасында.
Орталық аудандық аурухананың әкімшілігі атынан бас дәрігердің міндетін атқарушы Сырлыбек Мишанов «Ауыл» партиясына көпбалалы аурухана қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.