Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Жолда қабылдау» жүргізілді

3 сентября 2020 15:00 • 520 просмотров

Қостанай облысына Армениядан 763 көлік әкелінген. Бүгінде соның 438-і тіркелді, деп хабарлайды Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Армениядан әкелінген оң жақ рөлді көліктердің 70-і қайта жабдықталған, яғни рөлі сол жағына ауыстырылды. Мәселен, көлік иесі Мұхамеджан Әлімғазин ауылдан Қостанай қаласына арнайы келіп, көлігін тіркеуге қойды. Бұған дейін ол алыстағы шаруашылықта егін жинау науқанында болған.

«Сол себепті көлігімді есепке қоюға ыңғайлы уақыт болмады. «Альфард« көлігін Армениядан әкелдім, әуелде есепке қою мәселесі шешілмегесін ақырын күттім. Кейін жеңілдетілген жүйе бойынша тіркеуге қоюға бел будым. Бұдан соң дала жұмыстары басталды. Демалыс күні ХҚКО жұмыс істегені ыңғайлы болды, бүгін автокөлікті тіркеуге қойдым», — дейді Мұхамеджан Әлімғазин.

Қазір армян көліктердің бар облыс тұрғындары ай сайын өткізілетін «Жолда қабылдау» акциясын асыға күтеді. Олар полицияға сұрақтарын интернет желісі арқылы қоюға дағдыланған. Бүгінгі қабылдауда 20-дан астам сұрақ қойылды. «Жолда қабылдау» акциясын әкімшілік полиция бастығы Андрей Григоревский және жергілікті полиция бастығының міндетін атқарушы Жеңіс Бисембаев өткізді.

Акцияның алғашқы екі сағатында армян нөмірлерімен үш автокөлік есепке алынды, олардың бірі — қайта жабдықталған машина. Облыста Армениядан әкелінген 438 машина және 70 қайта жабдықталған машина тіркелді.