Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бестауда туған ер

25 сентября 2020 16:00 • 1 018 просмотров

Ауыл шаруашылығы саласының білгірі, ҚР ағарту ісінің үздігі, экономика ғылымдарының кандидаты, ұлт жанашыры, меценат… осылар тізбектей беруге болады. Бір сөзбен айтқанда, АЗАМАТ! Ол мұндай деңгейге қалай жетті?

Ибраш Естаев Қостанай облыстық мәслихатына екі мәрте депутат болып сайланды. Қазақстанның құрметті азаматы. «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», үшінші дәрежелі «Атаме-кен – Өз ісіне адалдығы үшін» медальдарымен, тың игеруге қатысты мерейтойлық төсбелгілермен марапатталған.

Ащы да, тәтті балалық шақ

Соғыстан кейінгі қиын кезең… Бестау кеңшары құрыла қоймаған. Бала Ибраш Шилі ауылында ең алғаш мектеп табал-дырығын аттады. – Көбіне қарным аш жүретін, – деп еске алады ағамыз балалық шағын.

– Тамақ бермейді емес, бірақ біреудің үйінде жеген нан тәтті бола ма, біл-меймін, тоймайтын едім. Ойын бала-сымын ғой, үйге ымырт жабыла ке-лемін де, шкафтың түбінде нан соғып отыратынмын. Бір күні әлгі үйдің әйелі көріп қалып, маңдайымнан салды деймін. Содан интернатқа баратын болдым. Ас-паздары «келе қой, тамақ іш» деп өз-дері дәніктіріп алды. Бірде тамақ беретін жерге барып тұрсам, бір аспаз «мына жалмауыз тағы келген бе?» деп қалды. Оны естіген бойы кері бұрылып, асха-надан жүгіріп шықтым. Содан кейін оларға аттап баспадым. Бала болсам да, сол бір сөз жүрегіме қатты батты. Дегенмен кек сақтаған емеспін. Кейін ер жеткен соң, көмектесейін деп, Шилідегі әлгі мен жатқан үйді іздеп барған едім, ол кісілер о дүниелік болып кетіпті. Кішкене кезімнен нанды сүйіп жегенім диқан болуыма көрінген шығар деп ойлаймын…

Ибраш аға жалғыз ұл болған соң ерке өсті. Бірде әкесі іздеп келгенде онымен еріп, ауылына кетіп қалады. Оқу жылы аяқталмаған. Шешесі қанша үгіттесе де, Шиліге қайта оралғысы келмейді. Одан басқа ауылға барып, орыс мектебінде оқиды.

– Өмір бойы өз үйімнен мектепке барған емеспін. Орыстың да, қазақтың да үйіне жаттым, – деп жалғады әңгімесін Ибраш аға. – Орысша оқығаныма әлі күнге дейін өкінемін. Қазақша білім алған азамат бәрібір орысша оқыған-дардан бір қарыс артық тұрады. Ана тілінде оқыған қыз-жігіттердің сана-сезімі, елге, жұртқа деген сүйіспеншілігі керемет, ұлттың барлық қасиетін тұла бойына әбден сіңірген. Ал, ойлау қабі-леті өзге тілде жетілген адамның ұлтына толыққанды жаны ашуы екіталай. Өзім қазақы ортада тәрбиеленіп өскеннен кейін тілді ұмытпадым.

Есесіне, Ибраш аға бүгінде немере-лерін қазақ мектебіне беріп, ана тілін дәріптеп жүр. Ұрпағым өз тілін біліп өссе деген тілегі бар.

– Біріншіден, тәрбие. Екіншіден, ара-ласатын ортаға байланысты. Кейде не-мерелерім орысша араластыра бастаса, «Қазақша!» деп ескерту жасаймын. Айт-қанымды тыңдап, өз тілдерінде сөйлей жөнеледі, – деп үйдегі тәрбиенің алатын орнын айтады ағамыз.