Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Айбынның» асқақ абыройы

2 октября 2020 10:00 • 1 033 просмотров

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында 1Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының тікелей форматта салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған біздің өңірдің атынан Қостанай облысының әкім орынбасары Бақыт Есімова қатысты. Республика бойынша жыл басынан бері жастардың әскери патриоттық тәрбиесі үшін 1785 іс-шара өткізіліп, оған 200 мыңнан астам адам қатысқан.

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны «Жас сарбаз» патриоттық қозғалысы шеңберінде өткізіледі. Ол Елбасы — ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Жиынның мақсаты — Қазақстан Республикасында әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын жетілдіру. Қазіргі уақытта «Жас сарбаз» қозғалысының филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде бар.

Аталмыш іс-шараға, сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Асылхан Мұқышев, білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова, жастар саясаты басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев, Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Манарбек Даутов, «Жас Сарбаз» РҚБ филиалының өкілі Ержан Ахметов, Қостанай құрылыс колледжінің «Тайфун» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Александр Козлов және клубтың тәрбиеленушілері қатысты.

Жиынға қатысушылар алдында тікелей эфирде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Айбын-2020» цифрлық платформасы іске қосылып, жиын басталды.

Ағымдағы жылы республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынына 6 жыл толды. Осы уақыт ішінде бұл жиынға 3 мыңнан астам жасөспірім қатысқан. Бұл Ұлт Жоспарына, «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне және елімізде Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасына сәйкес, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру мақсатында өткізіліп келе жатқан ауқымды шаралардың бірі деуге әбден болады.

Осы жылы елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты және қазіргі заманда еліміздің жас ұрпағын әскери патриоттық тәрбиелеуде жаңа көзқарасты талап етуге байланысты Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың қолдауымен жиынды онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылданды. Жазғы демалыс кезеңінде біз бұл бағыттағы іс-шараға балалардың барынша көп қатысқанан қалаймыз. Онлайн жиынның конкурстары мен жарыстары бойынша ережесі Қорғаныс министрлігінің сайтында орналастырылатын болады. Бұл балаларға «Айбын» жиынына сапалы дайындалуға мүмкіндік береді

Жиынның байқаулары мен жарыстары еліміздің барлық жастарын біріктіріп қана қоймай, командалық рухы мен жеңіске деген ерік-жігерін дамытып келе жатыр. Мұнда жас буын әскери жарыстар мен спорт, өнертапқыштық, тактикалық қабілеттерін байқата алады. «Айбын» жұлдыздары өз таланттарын көрсетіп, олардың ең мықтылары абсолюттік жеңімпазы атанып келеді. «Айбын» – жас патриоттардың келешекте әскери мамандық таңдауына даңғыл жол ашатын алаң. Соңғы 5 жылда «Айбын» әскери-патриоттық жиынының ақтық кезеңіне 4000-ға жуық бала қатысты.

Мемлекет басшысы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отанымызға адал, жауапкершілігі жоғары, қайратты және қайсар жастарымыздың басын қосқан бұл жиынның мән-маңызы айрықша екенін айта келе: «Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны отаншыл жастарды, адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін дәл осындай бірегей алаң», — деген болатын.

Жыл сайын Қарағанды облысының Спасск әскери қалашығы «айбындықтарды» қарсы алатын. Биыл елімізде қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Айбын» VІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты онлайн форматта өткізілді. Оған Қазақстанның барлық облыстарымен қатар, біздің өңіріміздің де жас патриоттары қатысты. Бұдан әрі де байқаулар мен жарыстар тактикалық алаңдарда емес, ғаламтор кеңістігінде өткізілгелі отыр.

ҚР Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жиынның құттықтау сөзінде облыстық жиындардың қорытындылары бойынша өз өңірлерін лайықты көрсететін әскери-патриоттық клубтар айқындалатынын, олар республикалық және халықаралық жиындарда бағын сынайтынын жеткізді.

— Еліміздің өркендеуі өскелең ұрпақтың тәрбиесімен тікелей байланысты. Ел Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жастар – дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің көрінісі» деуі жастарымызға қандай зор жауапкершілік жүктеп отырғанын айқындайды. Болашақта білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде әскери-патриоттық жиынның маңызы зор, — деді Н.Ермекбаев.

Қостанайдағы құрылыс колледжінің директоры Александр Козлов жетекшілік ететін «Тайфун» әскери-патриоттық клубының сапында 15 бозбала мен бойжеткен тәрбиеленіп келеді. Құрылғанына 17 жыл болған клубтың жеткен жетістігі аз емес.

Қостанай облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова жиналған жас сарбаздарды республикалық маңызы зор шараның басталуымен құттықтап, алдағы сайыстарға дайындықтарын пысықтады. Кезең-кезеңмен онлайн өтетін жарыстарға дайындық барысын әскери-партиоттық клубқа барып, өз көзімен көруге уәде етті. Айта кетейік, жарыстарға 14 пен 18 жас аралығындағы қыздар мен бозбалалар қатыса алады. Олар кермеде тартылу, қол-аяқ, іштің бұлшық еттеріне салмақ түсіретін жаттығулар, қаруды бұзып-құрастыру, газға қарсы тұмылдырық және жалпы әскери қорғаныш киімдерін кию жарыстары, сонымен қатар, интеллектуалдық сайыстар