Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Университет ұжымы ұйымшылдық танытты

4 октября 2020 15:01 • 572 просмотров

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай аймақтық университетінің студенттері мен оқытушылары Қостанай қаласының маңынан 700 келі қоқыс жинады. Университеттегі экологиялық еріктілер қозғалысы жыл сайын қарқын алып, жаңа қатысушылардың басын қосып келеді.

Аталмыш университет оқытушылары мен студенттері Дүниежүзілік тазалық күніне орай қаладан шыға берісте ағаш отырғызу экологиялық акциясымен атап өтуге шешім қабылдаан. Қостанайлықтар бұл орынды демалыс үшін жиі таңдайды, оның себебі де белгілі, таза ауа, жасыл желек – демалыс үшін таптырмас орын. Бірақ, демалушылар кейін қоқысты, ошақ іздерін, сынған бөтелкелер жинамай шашып кетеді.

Акцияға қатысушылар бір күнде 30 қапқа салынған 700 кг қоқыс жинады. Студенттердің де, оқытушылардың да аянып қалмағанын көруге болады.  Акцияға оқу орнының ректорының міндетін атқарушы Алма Дощанова да қатысты.

Университеттің экологиялық қозғалысының белсенділерінің бірі 4-курс студенті Яна Лантух оқу орнында еріктілікке мүмкіндігінше көп студенттерді тартуға тырысады дейді. Бірінші курс студенттеріне өздерін көрсете алатын бағыт бар екенін бірден айтады:

«Бұл менің қоқысым емес, бірақ бұл менің планетам» деген жақсы сөз бар. Сондықтан, біз бұл қоқысты қалдырған жоқпыз деген ойды арылып, керісінше одан тазартуды тоқтатпауымыз керек, — дейді Яна. — Біз қаншалықты белсенділік танытсақ, қоршаған ортаға қамқорлық жасау идеясы қоғамымыздағы қалыпты жағдайға айналады.

Ағаш отырғызуда акцияға қатысушылар орманға «Табиғатты бір күнде құтқару мүмкін емес!» деген тақтайша орнатты. Бұл жерге келген демалушылар бұл қағидаға құлақ асып, табиғатты ластамайды деп сенеді.