Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кәсіпкерлерік екі есе өскен

29 октября 2020 11:01 • 485 просмотров

Қостанай облысында былтырға қарағанда несие алушы бизнес өкілдерінің қатары екі есеге өскен. Жобаның барлығы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы мақұлданған. Бұл туралы Қостанай облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков.

Орта және шағын бизнесті дамытуға ниет білдірушілер бағдарлама шеңберінде  мемлекеттік қолдаудың жаңа түрін ала алады. Бұл портфельдік субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру. Осындай тетіктердің арқасында несие ешқандай салалық шектеусіз рәсімделеді. Қарызды жылдық 6%-пен  20 миллион теңгеге дейін алуға болады.

«Инвестициялық мақсаттарға субсидиялау мерзімі 3 жыл мерзімге 15 миллион теңгеге дейін, ал айналым қаражатын толықтыруды субсидиялау мерзімі екі  жыл мерзімге, 5 миллион теңгеге дейін алуға болады, Бұдан басқа, «Даму»  қоры кредит сомасының 85%-іне дейін кепілдік береді. Бұл бағыттың басты артықшылығы-несиені субсидиялау және кепілдендіру туралы шешімді «Даму» қорының қатысуынсыз екінші деңгейдегі банктер тікелей қабылдайды, Осылайша, қарыз беру процесі айтарлықтай жылдамдатылған», — дейді  облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков.

Қолдаудың жаңа түрі қыркүйектің аяғынан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде портфельдік кепілдендіру бойынша екі  өтінім мақұлданды. Олар үшін кепілдік сомасы 8,5 миллион теңге. Несиелерді субсидиялау негізінде  мақұлданған жобалар саны бойынша біздің облыс республика бойынша төртінші орынға жайғасса, ал кепілдік беру бойынша екінші орында тұр.

«Бүгінде жалпы несие сомасы 1,8 миллиард теңгеге бағаланған 42 әлеуетті жоба бар. Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін облыс кәсіпкерлеріне ағымдағы жылы конкурстық негізде 60 миллион теңгеге 14 грант берілді. Оның ішінде жас кәсіпкерлерге 30 миллион теңгелік 7 грант берілді», — дейді кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков.

Әзірге өңірде «Бизнестің жол картасын» ілгерілетуде Қостанай және Рудный қалалары, сондай-ақ, Қостанай ауданы алда тұр.  Аталған өңірлерде  мақұлданған бизнес- жобалардың саны басқаларына қарағанда анағұрлым көп.